Құжатқа сәйкес тараптар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және мұнай-газ индустриясында цифрландыруды дамытудың бұдан кейінгі барысын іске асыруда мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға жәрдемдесуге ниеттенді.
Ынтымақтастық шеңберінде цифрландыру мәселелері бойынша кеңес беру, «Тоталь» компаниясының тәжірибесін негізге ала отырып, цифрландыру жобаларын іске асыру, деректерді басқару ісін жақсарту, кадр дайындау мен олардың біліктілігін арттыруда қолдау көрсету, білім беру бастамаларын ілгерілету және т.б. іс-шаралар жоспарлануда.
- Тоталь әлемдегі ең ірі мұнай-газ компанияларының алғашқы ондығына кіреді. Сондықтан оның мұнай-газ саласын цифрландыру және озық технологияларды қолдау мәселелеріндегі тәжірибесі Қазақстанға операциялық қызметтің тиімділігін арттыру және мұнай-газ активтерінің көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында жұмысты жүргізудің үздік үлгілерін үйренуге мүмкіндік береді. Меморандум екі компанияның арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, оның ауқымын едәуір кеңейте түседі, деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев.
Маңғыстау облысы