• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Шілде, 2019

Сібірдегі орман өрттерін өшіру тиімсіз – Greenpeace (видео)

600 рет
көрсетілді

«Сібірдегі орман өрттерін қазір өшірген пайдасыз, өшіруді бір ай бұрын қолға алу керек еді», деп Greenpeace орман бөлімінің басшысы Алексей Ярошенко хабарлады.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметінше, орман өрттерінің көлемі 2,7 миллион гектарды құрайды, бұл өткен жылға қарағанда 12% - ға көп. Ал ресейлік Greenpeace бөлімшесінің бағалауы бойынша 4 миллион гектар орман жанып жатыр, бұл көрсеткіш 2018 жылға қарағанда 20% - ға көп.

«Орман өрттерін өшіргеннен пайда жоқ. Қауіп төніп тұрған елді мекендерді ғана қорғау керек. Мұндай үлкен алаңдармен ештеңе істей алмайсың. Сөндіруді бір ай бұрын қолға алу керек еді», деп айтты Ярошенко.