• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Тамыз, 2019

Маңғыстауда жыл басынан бері 120 жол-көлік оқиғасы тіркелген

449 рет
көрсетілді

 Маңғыстауда жыл басынан бері 120 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10 адам суға кеткен.

Биыл жыл басынан бері Маңғыстау облысы көлемінде 120 жол көлік оқиғалары тіркелді. Соның ішінде 145 адам әр түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, облыс көлемінде «Қауіпсіз жол», «Абайлаңыз балалар» «Автобус», «Құқықтық тәртіп» осы секілді жедел профилактикалық іс шаралар өткізілуде.

Бұдан бөлек 6 айдың ішінде жаяу жүргінші жолағында 54 адам жол көлік оқиғасына ұшыраған. Сондай-ақ, облыс көлемінде республикалық маңызы бар тас жолдарда мал қағу деректері орын алуда.

Сонымен қатар суға түсу маусымы басталғалы әр түрлі қайғы оқиғалар орын алды. Мәселен жыл басынан бері айтатын болсақ, 10 адам суға кетті. Оның ішінде 8-і тиым салынған аймақта шомылған. Олардың қатарында 4 жасөспірім бар. Бұдан бөлек төтенше жағдайлар департаментінің және полиция департаменті, жергілікті полиция қызметкерлерімен 15 адам судан құтқарылды.

Қазір қауіптің алдын алу мақсатында  арнайы қызметкерлермен күшейтілген түрде рейдттік іс-шараларды өткізілуде.

Маңғыстау облысы