Сенбі, 12 қаңтар 2013 7:33
Нұрлан Нығматулин: Елбасының жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың жаңа дәуір тынысын сезінуіне мүмкіндік береді.
Халық қалаулылары жаңа жылдағы алғашқы кездесулерін еліміз үшін тарихи құжатқа айналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылауға арнады.
Сенбі, 12 қаңтар 2013 7:33
Нұрлан Нығматулин: Елбасының жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың жаңа дәуір тынысын сезінуіне мүмкіндік береді.
Халық қалаулылары жаңа жылдағы алғашқы кездесулерін еліміз үшін тарихи құжатқа айналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылауға арнады.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Батыс Қазақстан облысы халқымен және еңбек ұжымдарымен кездесті.Батысқазақстандықтар Президенттің халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен қабыл алды. Себебі, Елбасы ұсынып отырған жаңа стратегиялық бағыт бүкіл елімізге және әрбір аймаққа одан әрі қарқынды дамуға және құбылмалы тарихи жағдайда ұзақмерзімді тұрақты дамуға қабілетті болуға серпін беріп отыр.Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ірі жобаларда табысты пайдаланылып келе жатқан мықты өндірісімен, табиғи, кадрлық потенциалымен мақтана алады. Сондықтан болар, Парламент Мәжілісінің Төрағасы кездесу өткізген батысқазақстандық машина жасау компаниясында (БҚМК) қызу талқылау өтті. Кездесу барысында Президенттің жаңа стратегиялық бағытының инновация, индустрияландырудың жаңа кезеңі, еліміздің экономикалық өсуі мен одан әрі дамуы үшін Қазақстанның басты байлығы ретінде ресурстарды пайдалану, отандық өнеркәсіпке мамандар дайындау сияқты өзекті тұстарына ерекше назар аударылды.«Президентіміз өз Жолдауында өте маңызды мәселе – қазақстандық кәсіпорындарға мамандар дайындауға барынша назар аударуда. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі жұмысшы мектебінен өткен тәжірибелі адам, сондықтан, кәсіби техникалық мамандықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Бұл біздің кәсіпорын үшін де өте қажет.Сондықтан мен Елбасымыздың идеясын қолдай отырып, күнделікті жұмыс барысында да жас мамандармен тәжірибемді бөлісуге тырысамын», деп өз пікірімен бөлісті Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының кадр жөніндегі директоры, көптеген жас мамандардың тәлімгері Виктор Кузнецов.Батыс Қазақстан облысының машина жасау компаниясы – облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Қазіргі уақытта оның өнімі көптеген салаларда, мұнай-газ, құрылыс, ауылшаруашылығында жоғары сұранысқа ие. Аса маңызды бағыттарының бірі – азаматтық және әскери-авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу бойынша Қазақстан үшін инновациялық және ерекше базаны ұйымдастыруы. Кәсіпорын қызметінің бұл түрі де еліміз бойынша бірегей. Алдағы уақытта кәсіпорын жоғары қысымды сорғылық қондырғы жөндеу мен өндіруді, азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді жоспарлап отыр.– Президентіміз айтқандай, болашақ – жоғары технологиялар жасауда. Біз оның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біздің мекеме де бір орнында тұрған жоқ. Алдағы уақытта кәсіпорын азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді жоспарлап отыр, – деді БҚМК №1 өндірісінің бастығы Ақылжан Ахметов.Компания жұмысшылары Елбасының инновациялық-технологиялық бағытты қарқынды дамыту қажеттігін айтқан көрегендігі болашаққа деген нық сенімдерін бекіте түскенін жеткізді. Оған аға бақылау шебері Наталья Акутинаның: «Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ұзақмерзімді даму бағытын ұсынып отыр. Біздің басты мақсатымыз – еңбек ету. Өйткені, алдағы өміріміздің қандай болатыны, балаларымыздың қалай өмір сүретіні біздің әрқайсымызға байланысты», деген сөздері дәлел бола алады.Халықпен кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында ашылған Орал қаласындағы №5 қалалық емханасында да болды. Бүгінгі күні бұл медициналық мекеме 45 мыңға жуық адамды қамтитын қаланың солтүстік-шығыс ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді. Емханада кәсіби медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайлары жасалған. Бұл жерде түпкілікті нәтижеге межеленген еңбекақы төлеу енгізілуде.Жүздесу кезінде талқыланған тақырыптың бірі – әлеуметтік саясаттың жаңа ұстанымдары болды. Онда денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударылған.– Медицина қызметкерлері әрқашанда Елбасымыздың ерекше қамқорлығын сезініп келеді. Жаңа ауруханалар ашылып, жаңа технологиялар енгізілуде. Қазақстандықтардың сапалы медициналық көмек алуы үшін біз одан әрі кәсібилікті арттыруға жұмыла кірісудеміз, – деді №5 қалалық емхана директорының медициналық жәрдемді ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Индира Амирова.Сонымен қатар, медициналық қызмет сапасының бірегей стандарттарын енгізу, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықтарын бірыңғайландыру, Елбасы Жолдауында айтылған аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны жетілдіру, «Смарт – медицина», қашықтықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу сияқты өткір тақырыптар әңгіме өзегіне айналды.Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызмет бастығы Александр Гехман:– Орталықтан алыс жатқан көптеген аудандары бар біздің облыс үшін Президентіміз айтқан смарт-медицина, қашықтықтан емдеу сияқты медициналық қызметтің жаңа түрлерін енгізу өте маңызды, – деді өз сөзінде.Сондай-ақ, ақ желеңділер Мәжіліс Төрағасынан жастарға қандай қолдау көрсетіледі, бұл мәселе заңдық тұрғыда қалай шешіледі, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік проблемалары сияқты өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып қалуға тырысты. Осыдан кейін Нұрлан Нығматулин кездесуді қорытындылай келіп: «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы Батыс Қазақстан облысында да кең қолдауға ие болуда. Себебі, Отанымыздың жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси даму бағыты еліміз азаматтарына ерекше серпін бергені сөзсіз. Сондықтан, олар өздерінің және ұрпағының жарқын болашағын тікелей осы тарихи Жолдаумен байланыстырып отыр», деп өз ойын түйіндеді.Өңірге сапар барысында Нұрлан Нығматулин тағы да бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».Батыс Қазақстан облысы.Суретті түсіргендер Рафхат ХАЛЕЛОВ,Александр КУПРИЕНКО.