• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2019

Қарағандыда «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясы жалғасын тапты

424 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында екі апта өтсе де «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясының екпіні басыла қойған жоқ. Ал кеше өткен экологиялық сенбілікке облыстың барлық қалалары мен аудандары бойынша 33 мың адам ат салысты.

Құрамында кәсіпкерлер, еріктілер, экологиялық белсенділер және қала тұрғындары бар қатысушылар отряды Кеңгір, Саран, Қылыш су қоймаларының, Балқаш, Нұра, Есіл, Жаман Сарысу тәрізді көлдер мен өзендердің бойын, сондай-ақ, қалалар мен кенттердегі саябақтарды қоқыстан тазартты.

Сенбі күні өткен «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясын облыс орталығында 3 мыңнан астам тұрғын қолдады. Акция қатысушылары қаланың шеткері көшелеріндегі жолдардың бойын, орталық саябақтың маңын ретке келтіріп, Кіші және Үлкен Бұқпа өзендерінің арнасын қоқыстан тазартты. Бұл күні қалдық төгілетін полигонға 3 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

 

Қарағанды облысы