• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2019

Павлодар облысында үш айда 9,3 мың адам жұмыстан шыққан

312 рет
көрсетілді

Жұмыстан шыққан қызметкерлердің басым бөлігі өз еркі және еңбек тәртібін бұзғанына байланысты кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен.

2019 жылғы II тоқсанда облыстың ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдарға 9,1 мың адам жұмысқа қабылданды, әр түрлі себептер бойынша 9,3 мың адам жұмыстан шыққан. Тұрақтамау себептері бойынша 90 пайызы өз еркі және еңбек тәртібін бұзғанына және 1 пайызы персонал санының қысқартылуы мен кәсіпорынның таратуына байланысты жұмыстан кеткен.

Біліктілігінің жетіспеуі немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі және басқа себептер бойынша тоғыз пайызды құрады.

Облыс бойынша жұмыс күшін алмастыру коэффициентi 98,2 пайызға жетті. Қабылдау бойынша айналым коэффициенті 6,3%, жұмыстан босатылу бойынша айналым коэффициенті – 6,4%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 5,7%-ды құрады.сілтеме беруге міндетті.