Сенбі, 9 ақпан 2013 7:25
Қазiр бiз даму дәуiрiн бастан кешiрудемiз. Сол даму дәуірінде жастар үшін ең маңызды мәселе қандай деген сұрақ алдымыздан шығады. Бұл жерде ең бастысы – білім алу, тұрғын үй, әлеуметтік мәселе, жұмыспен қамту. Ол үшін әрбiр жас өзiнiң болашағын ғана емес, мемлекетіміздің келешегін өзi жасайтынын жүрегiмен сезiнуі тиіс. Міне, осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында жастарға ерекше назар аударды. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі әлемдегі орны мен бағындырар биіктерін айқындап берді.
Сенбі, 9 ақпан 2013 7:25
Қазiр бiз даму дәуiрiн бастан кешiрудемiз. Сол даму дәуірінде жастар үшін ең маңызды мәселе қандай деген сұрақ алдымыздан шығады. Бұл жерде ең бастысы – білім алу, тұрғын үй, әлеуметтік мәселе, жұмыспен қамту. Ол үшін әрбiр жас өзiнiң болашағын ғана емес, мемлекетіміздің келешегін өзi жасайтынын жүрегiмен сезiнуі тиіс. Міне, осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында жастарға ерекше назар аударды. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі әлемдегі орны мен бағындырар биіктерін айқындап берді.
XXI ғасыр – адамзаттың рухани даму, өсу, өркендеу ғасыры. Осы себепті де болар, Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында жастарға қатысты тапсырма беріп, Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан-2020: болашаққа айқын жол» атты Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындаған еді. Бұл құжат қоғамның жаңғыруы жағдайында мемлекеттің даму құралының біріне айналуы тиіс. Демек, тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны бесіктің қалай тербелетіндігіне байланысты. Бұл жайт өз кезегінде жастардың қазіргі уақытта алатын білімдері ертеңінен айшықты көрініс береді деген сөз. Сондықтан жастар үнемі ізденісте жүруі керек деп есептеймін.Енді жоғарыда аталған Елбасы тапсырмасы мен тұжырымдама жобасына тікелей қатысы бар мәселелер туралы әңгіме қозғайын. Осыдан бірер жыл бұрын Қазығұрт баурайында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бастамасымен өткен жастар тәрбиесіне арналған «Ырыс алды – ынтымақ» атты келелі кеңесте арнайы әңгіме болды. Еліміз өркендеп, экономикамыз дамып, әлемдік деңгейге көтеріліп келеміз. Қазақстан сияқты тәуелсіздігін жаңа алған жас елге идеология әбден керек және ең алдымен, ол мемлекеттің ұлттық сипатына, тәуелсіздігіне қызмет етуге тиіс. Ұлттық идеология дегеніміз – халықтың, бүкіл елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, санасын ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ережесі, ол сол халықтың тілін, ділін, мемлекетін қалыптастыруға қызмет етеді.Жалпы, жаһандану өзгерісіне бой алдыратындар ең алдымен, жастар. Олар ұлттық дәстүр дегенге онша мән бере бермейді. Сөйтіп, қазақы мінезден біртіндеп алыстап бара жатыр. Сондықтан, жастарымыздың білім сапасына көңіл аударуы, өз құқықтарын білуі, патриоттық рухты сезінуі, ата-баба аруағын сыйлау сияқты қанымыздағы ұлттық дәстүрдің өз жалғасын табуы жолында ардагер ұстаздар, тиісті мамандар жан-жақты жұмыстар жүргізуде. Себебі, бәрі де адам бойында тәрбиемен байланысты дамиды. Бұл – ұрпақтың болашағын ойлау деген сөз. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Ұлы Абай айтқандай, жас ұрпақтың психологиялық ерекшеліктеріне айрықша зейін қойса, тәрбие арқылы олардың бойына жақсы қасиеттер дарытуға болады.Елбасы айтқандай, балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. «Әкесі қой баға білмегеннің, баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті. Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенеміз. Бұл тұрғыда Оңтүстік өңірінің демографиясы, шүкір, жаман емес. Мәселен, 2009 жылы облысымызда 72 703 сәби өмірге келсе, 2012 жылы 77 601 перзент кең дүние есігін ашты. Демек, ел келешегін өркендете түсер жас өскіндерден үміт мол.Президент жастарға – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артты. «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады», деп жасампаз елдің жастарына қай уақытта да үлкен сеніммен қараған Елбасымыздың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа саяси бағыттың негізгі қозғаушы күші жастар болуы керектігін қадап айтты.Осы тұрғыда республикада бірінші болып облысымызда «Жастар орталықтары» құрылды. Оның мақсаты болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегі – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, тәуелсіз елдің ертеңін жасауға баулу. Өңіріміздегі 2 млн. 620 мыңнан астам халықтың 772 428-і, яғни 29,4 пайызы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар, облыстағы 900-ден астам елді мекендердегі ауыл жастары 470,5 мың болса, қала жастары – 301,8 мың.Бүгінгі таңда жастар арасындағы өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Бұл бағытта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы өз нәтижесін беруде. Мәселен, облысымызда 2012 жылдың басынан бері уәкілетті органдарға 33 433 жас азамат еңбек етуге тілек білдірсе, оның 15 377-сі жұмысқа орналасып, 4 217-сі қоғамдық жұмысқа, ал 8150-і жастар практикасына жолданып, 1 052-сі тұрақты жұмысқа орналасты.Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2012 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Даму» жастар қоғамдық ұйымы «Жас кәсіпкерлер мектебін» ашып, облыстың аудан, қалаларынан 300-ден аса жас келіп, білімдерін шыңдап, арнайы сертификат алды. Бүгінгі таңда облысымызда 156 жас кәсіпкер өздерінің кәсібін жүргізу мақсатында 366 515,0 теңге көлемінде несие алып, өз тіршілігін дөңгелетіп жүр.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында жастар кәсіпкерлігі мемлекет дамуында маңызды рөл атқарады. Жас кәсіпкерлер – отандық экономиканы жаңа белестерге шығаруға қабілетті авангард болып табылады. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуын тиімді түрде іске асыру үшін қажетті жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету ел дамуының басты міндетіне айналып отыр.Осыған орай, облысымызда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. 2012 жылдың қорытындысымен облысымыздың 11 ауданы мен қалаларында «Бизнес негіздері» бойынша 470 адам оқыту курстарынан өтті. Сонымен қатар, 147 тыңдаушының қатысуымен 3 мастер-класс өткізілді. Оқытудан өткендердің жалпы санының 30%-дан астамын жастар құрайды.Жас кәсіпкерлер – жастардың барынша бастамашыл, жауапкершілікті әрі қажырлы бөлігі. Сондықтан, Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Қазақстан экономикасының көркеюі мен табысты болуының нық тірегі ретінде жастар кәсіпкерлігін дамытуға бар күшін салуда.Әрине, қиындықсыз тіршілік жоқ. Бұл тұрғыда аға буын, 90 пайызы көшбасшы партияның мүшесі болып табылатын облыстық мәслихат депутаттары, ізбасар жас депутаттарымыз да халқымыздың болашақ табыстары үшін жастардың білім алуына, жұмыс жасауына лайықты барлық жағдайды жасау жолында жергілікті жерлердегі әкімдіктермен бірлесе отырып, халыққа қызмет етуде.Жалпы, атқарушы органдар мен халық қалаулыларының арасындағы өз деңгейіндегі қарым-қатынас барысында әр сала, оның ішінде жастар мәселесі бойынша да жасалып жатқан ауқымды шаралар әр уақытта өз жалғасын таба бермек.Бүгінгі таңдағы ең басты мәселенің бірі – халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық салаларын жақсарту. Біздің өңіріміз – халқының саны ең көп, тығыз қоныстанған облыс. Ал қалың ел, дүйім жұрт болып қол жеткізген көрсеткіштеріміз облыс экономикасы мен халықтың әл-ауқатының әрі қарай дамуының негізі болып табылады. Мәселен, 2012 жылғы облыс бюджетінің көлемі 364,5 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 52,1 млрд.теңгеге (16,7%), оның ішінде: өзіндік кірістер 8,2 млрд. теңгеге (15,1%), трансферттердің түсімдері 47,9 млрд. теңгеге (19,3%) ұлғайып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.Өткен жылы Түлкібас ауданында өткен «Ырыс алды – ынтымақ» алқалы жиынында бас қосқан ел ағалары мен ақсақалдары Елбасы ұсынған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртулары: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» идеясын арқау етті. Осы кеңесте жастар мәселесі де кеңінен сөз болды. Еліміз ежелден ел ағаларына, ардақты абыздарына, қағидасы қазыналы қарияларына қарап, ойын да, бойын да түзеген. Талантты тұлғаларына тәу етіп, тұтқалы тәжірибелерінен үлгі алған, еңселерін тіктеп, еңбекке де, ерлікке де ақылмандардың ақ батасы арқылы бел байлаған. Бүгінгі егемен еліміздің мамыражай жағдайында аға ұрпақтың қадірі арта түспесе кеміген жоқ. Жастардың әрбір игілікті іс, толағай тірлігі ел ағаларының, ақ ниетті ақсақалдарының қолдап-қуаттауымен, ақ жол тілеп алқалауымен жүзеге аса беретініне еш күмән жоқ.Әбілқасым ДОСБОЛОВ,Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері. Оңтүстік Қазақстан облысы.