• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Тамыз, 2019

Шайбалы хоккей: «Барыс» «Ақ Барсты» ойсырата жеңді

298 рет
көрсетілді

Бүгін елордада шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы ойындары басталды. Елордалық «Барыс» алғашқы кездесуде Ресейдің «Ақ Барс» (Қазан) командасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында алғашқы шайбаны «Барыс» сапынан 7-минутта Никита Михайлис соқты. Ал 11-минутта қазандық клуб қатарынан Мэтт Фрэттин таразы басын теңестірді. Естеріңізге сала кетелік, ол биыл «Барыс» сапынан «Ақ Барсқа» ауысқан еді.

Ал 16-минутта Кирилл Панюков бір шайба соғып, елордалық клубты алға шығарды. Ал 18-минутта «Барыс» қатарына биыл қосылған канадалық Адам Хелевка есепті үстемелей түсті. Екінші кезеңде де біздің команда басым ойнады.

Алдымен 28-минутта Дастин Бойд мергендік танытса, 31-минутта Даррен Диц қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Ойын соңына таман Батырлан Мұратов өзінің тұсаукесер ойынындағы тұңғыш голын соғып кетті. Нәтижесінде бүгінгі кездесуде «Барыс» командасы «Ақ Барсты» 6:1 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Президенті кубогында тағы бір кездесу өткізілді. Ресейдің қос командасы - Екатеринбургтің «Автомобилист» командасы Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасын 5:1 есебімен тізе бүктірді. Ертең, 8 тамызда «Барыс» «Нефтехимикпен» ойнаса, «Ақ Барс» пен «Салават Юлаев» (Уфа) командалары кездеседі.

Қазақстан Президенті кубогы ойындары 8-11 тамыз аралығында өткізіледі. Жарысқа барлығы бес команда қатысуда.