• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Тамыз, 2019

Атамбаевты тұтқынға алу операциясы жалғасуда

204 рет
көрсетілді

7 тамыз күні кешке Кой-Таш ауылында Қырғыз Республикасының бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевты тұтқындау операциясы басталды. 8 тамыз күні екінші рет шабуыл жасалды. Экс-президент әлі де ұсталмады.

Ресми ақпарат бойынша, арнайы жасақ өкілдері А.Атамбаевтың резиденциясын қоршап, халықты жібермеді. Алайда А.Атамбаевтың жақтастары жетекшісін қорғап, қарулы күштер өкілдеріне оқ атты. Нәтижесінде, 52 адам жарақат алды, бір арнайы жасақ қызметкері көз жұмды, 6 жауынгерді тұтқынға алды.  Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев экс-президент жақтастары комитет қызметкерлерінен 55 дана қару тартып алғанын мәлімдеді.

Алмазбек Атамбаев халыққа бейне жолдауында арнайы жасақ өкілдеріне өзі оқ атқанын, халықтың бұған қатысы болмағанын айтты. Сонымен қатар, биліктегілердің бұл әрекетін бассыздық деп ойлайтынын жеткізді.

8 тамызда Жогарку Кеңештің кезектен тыс сессиясында А.Атамбаевты тұтқындау мәселесі талқыланды. Қырғыз Республикасының президенті С.Жээнбеков «бұл екі көшбасшы арасындағы қақтығыс емес, елдегі жемқорлықты тоқтатуға негізделген күрес» деген мәлімдеме жасады. Дәл осы отырыста Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев бұл оқиға қатысты кінәсін мойындап, мемлекет басшысынан өзін қызметтен босатуды сұрады. Алайда президент оның өтінішін қабылдамай, операцияны жалғастыру керегін айтты.

Аkipress агенттігі 8 тамыз жергілікті уақыт бойынша 16:20-да экс-президент үйінің қасына 500-ге жуық адам жиналып, Беш-Күнгей ауылына қарай бет алғанын мәлімдеді. Ал 16:23-те милицияның екінші шабуылды бастағанын хабарлады. А.Атамбаевтың жақтасы Фарид Ниязов гранаталардың лақтырылғанын айтты. Жапа шеккендер туралы әзірге хабар жоқ.