25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Токиода дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. 143 елден 552 дзюдошы татамиде өзара мықтыны анықтайды. Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы да әлем біріншілігіне толық құраммен қатысады.
Токио татамиінде Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг), Анна Казюлина (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Иоланта Бердібекова (63 кг), Мөлдір Нарынова (70 кг), Зарина Райфова (78 кг), Назгүл Маратова (+78 кг) ел намысын қорғайтын болады.
Былтырғы әлем біріншілігінде қыздар құрамасынан Галбадрах Отгонцэцэг қана қола жүлде еншілеген болатын.