• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 19:45

Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда әрбір кәмелетке толған азамат тегін жер телімін алуға құқылы. Бұл құқық Жер кодексінің 50-бабында көрсетілген. Алайда іс жүзінде бұл мүмкіндікті пайдалану оңай емес: кезек жылдарға созылады, ал кейбір өңірлерде бос жер мүлде аз, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет жерді үш негізгі мақсатта береді: жеке тұрғын үй құрылысына (10 сотыққа дейін), жеке қосалқы шаруашылыққа (суарылмайтын жерде 25 сотыққа дейін, суарылатын жерде 15 сотыққа дейін) және бау-бақша немесе саяжай үшін (12 сотыққа дейін). Бұл телімдердің айырмашылығы тек көлемінде емес, пайдалану мүмкіндігінде де. Мысалы, үй салып, тіркелуге және кейін сату немесе ипотекаға қоюға болады. Ал саяжай жерлерінде тұрақты тіркелу мүмкіндігі жоқ.

Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды

Өтініш беру процесі толықтай онлайн форматқа көшкен. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрылысы) үшін eGov порталы арқылы кезекке тұру жеткілікті. Ал қосалқы шаруашылық немесе саяжай жерін алу үшін алдымен кадастр картасынан бос жерді тауып, содан кейін өтініш беру керек.

Жер алу үшін белгілі бір өңірде тіркелу міндетті емес. Азаматтар кез келген облыста өтініш беріп, бірнеше жерде қатар кезекте тұра алады. Бірақ жер телімі тек бір рет, кезек қай жерде тез жетсе, сол жерден беріледі.

Кезек күту уақыты өте ұзақ болуы мүмкін – кейде 5–6 жылдан 10–15 жылға дейін созылады. Әсіресе ірі қалаларда, мысалы Алматы мен Астанада бос жердің жетіспеуі байқалады. Себебі заң бойынша жер бермес бұрын мемлекет оны инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі тиіс.

Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды

Бұл процесті делдалдар арқылы жеделдету мүмкін емес, өйткені барлық кезек электронды түрде жүргізіледі. Делдалдар тек кеңес беру қызметін ғана көрсете алады.

Өтініштің мәртебесін eGov порталынан немесе кадастр жүйесінен тексеруге болады. Онда кезектегі орны, өтініш күні және қазіргі жағдайы көрсетіледі.

Жер алғаннан кейін оны міндетті түрде игеру қажет: үй салу немесе мақсатқа сай пайдалану керек. Алғашында жер жалға беріледі, ал меншік құқығы тек құрылыс аяқталған соң рәсімделеді. Әдетте бұл үшін шамамен үш жыл уақыт беріледі. Егер жер пайдаланылмаса, мемлекет оны кері қайтарып ала алады.

Соңғы жаңалықтар