• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2013

Қайырымды болу әлеуметтік жауапкершіліктен

600 рет
көрсетілді

Қайырымды болу әлеуметтік жауапкершіліктен

Сейсенбі, 4 маусым 2013 2:04

«Бизнес және қайырымдылық» атты IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қоры мен «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен және «Бауыржан» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен кеше Астанада болып өтті.

 

Сейсенбі, 4 маусым 2013 2:04

«Бизнес және қайырымдылық» атты IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қоры мен «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен және «Бауыржан» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен кеше Астанада болып өтті.

Мемлекеттің айтарлықтай қолдау білдіруіне қарамастан, әлеуметтік салада әлі де шешімін күткен мәселелер бар­шылық. Осы ретте мемлекет тара­пынан қолдауға ие болып жүрген кәсіпкерлердің ойға оралатыны заңды. Әлеуметтік мәселелердің басым бөлігі қайырымдылық мәдениетінің деңгейі жоғары болғанда ғана шешімін табатыны тағы анық. Қазақстанда ұжым­дық әлеуметтік жауапкершілік қан­ша­лықты дамыған? Оның жүйесі қандай болғаны дұрыс? Тиімділігі немен өлшенуі тиіс?

Халықаралық іс-шара барысында осы мәселелер жан-жақты талқыға түсті. Оның жұмысына арнайы ке­ліп қа­тысқан «Нұр Отан» ХДП Төр­ағ­а­сы­ның бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбек өз сөзінде былай деді: «Бү­гінгі таңда елімізде бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалды. Эко­номикалық базис ретінде біздің бизнес орнығып қалыптасты деп айтуға болады. Ендігі күні біздің бизнесте белсенді, мүмкіндігі бар аза­мат­тарымыздың көмекке зәру жандарға қолұшын бергені маңызды».

Әріптестерін қайырымдылық жа­сау­ға шақырған «Алтын қыран» халық­аралық қайырымдылық қоры­ның президенті Исламбек Сал­жа­нов өздерінің 15 жылдан бері қайы­рым­дылық шараларымен айналысып келе жатқандықтарын алға тартты. Соның бір жарқын көрінісі ретінде Ақтөбе облысы Қобда ауылында құны 300 миллион теңге болатын 150 орындық бала-бақша салып беріп жатқандықтарын көлденең тартты. Аталған нысан қыр­күйекте бүлдіршіндерге есігін айқара ашады деп күтілуде.

Негізінен шара еліміздегі ұжым­дық қайырымдылықтың, оның ішін­де бизнес тарапынан жасалатын қолдаулардың дамуына серпін бе­ру мақсатында осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл елі­міз әлеуметтік саясат бағытында отан­дық және халықаралық деңгейдегі мамандармен тәжірибе алмасу алаңына айналды дегенді білдіреді.

Сондай-ақ, шара барысында қайы­рым­дылық қадамдарына қатысты заң­намалық тетіктерді жетілдіруді көз­дейтін көптеген ойлар да ортаға салынды. Заңнаманы жетілдіру бойынша пікірлерімен Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева бөлісті. Ал «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті Жұлдыз Омарбекова қайырымдылықпен айналысушылар өз жұмыстарын ашық, жариялы түрде жүргізгені жөн дегенді ерекше айтты. Оның сөзіне қарағанда, келесі конференция жұмысы мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара жұмыс ырғағына құрылатын болады.

Жүйелі ұжымдық қайырым­ды­лық­тың дамуына серпін беруге арналған шараға осы саладағы отандық және шетелдік мамандар қатысса, олардың қатарында Дэвид Кроутер, Джейк Хейман (Ұлыбритания), Рос­тис­лав Куринько (Украина), Әсел Арыс­танбекова (Қырғызстан) және тағы бас­қалар болды. Олар өздерінің ұста­ным­дарын білдірумен қатар, отан­дық бизнес пен үкіметтік емес ұйым­дар өкілдеріне арнап, тренингтер өт­кіз­ді. Конференция барысында «Бауыр­жан» қайырымдылық қорының «Қайы­рым­дылық қорын қалай ашып, қызметін қалай ұйымдастыруға болады?» атты кітабының тұсаукесері жасалды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».