Қостанай облысының Полиция департаменті мен 6 ірі ЖОО арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаевтың айтуынша, құжат облыстың оқу орындары мен Ішкі істер министрлігі арасындағы ғылыми ынтымақтастықты реттемек.
- Полицей мамандығының беделі жылдан жылға артып келеді. Биыл 1 шілдеден бастап патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысы 65%-ға, жедел қызмет сақшыларының еңбекақылары 55%-ға өсті. Сондай-ақ өңірге қарай тұрғын үйді жалға алу үшін 20 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін өтемақы қарастырылған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының ардагерлеріне тегін медициналық қызмет көрсетіледі, – деп атап өтті полиция полковнигі.
Құжатқа «2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын» жүзеге асыру шеңберінде қол қойылды, ондағы басым бағыттардың бірі – жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимыл, халықпен жұмыстың жаңа форматы, құқық қорғау органдарының кадрларын іріктеу және даярлау.
- Біз меморандум аясында ЖОО-ның студенттерін жұмысқа орналастыру және тәжірибеден өту туралы нақты келісімдерге қол жеткіздік. Ынтымақтастық шеңберінде оқу жоспарларын түзетіп, жұмыс берушінің тілектерін ескереміз. Жыл сайын екі мыңнан астам заңгер даярлаймыз және бұл бағыт есептік мекемеде аса талап етілген, - деп атап өтті Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы директорының орынбасары Наталья Нализко.
Бұдан әрі меморандумның міндеттерін іске асыру үшін бірлескен іс-шаралар жоспары жасалады.