• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда аутизм және инклюзивті орталықтар ашылады

190 рет
көрсетілді

Мұғалімдердің дәстүрлі Тамыз кеңесінде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов осылай мәлімдеді.

Соңғы үш жылда білім саласына бөлінген қаржы  көлемі 29 процентке ұлғайды.  Биыл  еліміз бойынша 323 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, 130-ы өңірде орналасқан. Жыл аяғына дейін «Жас өркен» және «Береке» ықшам аудандарында 1500 орынды  екі мектеп пайдалануға берілмек.

   «Басты міндет– оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау», - дей келіп,  Құмар Іргебайұлы басым бағыттарға тоқталды. Оның ішінде жас мамандардың ауылдарда орнығуы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында жобаларды жүзеге асыру, үш ауысымдық мектептерді жою, педагог мәртебесін н жоғарылату  секілді мәселелер қамтылды.

  Петропавл «Аутизм. Әлем бәріне бір» атты  аутизм,  әр ауданда инклюзивті орталықтар ашу туралы  жаңалықты ұстаздар  үлкен қуанышпен қарсы алды.

  Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова  «Білім сараптамасы», «Зияткер» жобалары қолға алынғанын, солтүстікқазақстандық құрама  екі жыл қатарынан «Үздік олимпиадалық команда» атанғанын, оқушылар  халықаралық, республикалық білім сайыстарында  63 рет жеңімпаз атанғанын жеткізді.»

  «Лорд» мектеп-лицейіне 34 миллион теңгенің гранты тапсырылды.