• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Тамыз, 2019

Жұмыс іздесең, жәрмеңкеге кел

181 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жалпықалалық жәрмеңке 28 тамыз күні «Жастар» сарайында сағат 10:00-13:00 аралығында өтетінін хабарлады.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

«Іс-шараның мақсаты - оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, жалпы жастарды еңбекке орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпараттандыру», - дейді орталық қызметкерлері.