Сәрсенбі, 13 ақпан 2013 7:23
«Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмек» – осындай тақырыпқа армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебі басшы құрамы алдында Әскери-әуе күштері қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев бастама көтерді. Бұл идеяға мектеп бастығы полковник Марат Ботин қызу қолдау көрсетті. Сол күні республикалық «Жас ұлан» мектебінде жоспарланған кездесу өткізілді.

Полковник Е.Жұмағалиев жоғары сынып оқушыларына Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің құрылымы туралы айтып, осы әскер түріне мамандар даярлайтын Қазақстандағы және шетелдердегі әскери оқу орындары туралы хабарлады. Оқушылар ақпаратты тыңдап және әдемі жасалған слайдтардан Қазақстан Әуе күштері құрамындағы ұшақтар мен тікұшақтарды, әскери авиацияның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мамандар жайлы мағлұматтарға қанықты.
«Жас ұлан» мектебі оқып жатқан оқушыларға тек әскери болуды міндеттемейді, бірақ тыңдаушылардың көпшілігі қазірдің өзінде әскери оқу орнына түсуге шешім қабылдағаны рас. Олардың дені авиация мамандарын даярлайтын оқу орнын таңдағаны белгілі болды. Бұл тегін емес, себебі, оқушылардың көпшілігі оқу барысында «Мемлекеттік авиация орталығында» тағылымдамадан өтіп, жеңіл оқу-жаттығу ұшақтарымен көк аспанда өз еркімен самғап, орташа 60 сағат ұшу тәжірибесін жинағандар.
Қозғалған тақырыпқа ерекше қызығушылық танытқан ұландар қонақтарды сұрақтың астында қалдырды. Мұның өзі олардың ұшқыштар даярлайтын оқу орындарына құжаттарын тапсыратындығын дәлелдеп берді.
– Мен өзім бұрыннан ұшқыш боламын деп шешіп қойғанмын, бүгінгі кездесу дәл қандай оқу орнына түсуімді анықтауыма өз көмегін тигізді, – деп ағынан жарылды 11-сынып оқушысы Станислав Тащилин. – Бүгін маған бәрі түсінікті болды. Мен өз таңдауымды жасадым.
– Белгіленген тәртіп бойынша құжаттарды әскери оқу орындарына қабылдау ақпан айынан басталды. Демек, бұл кездесудің текке кетпегендігі анық. Егер осы балалардың ішінен қажет деген оқу орнына түсіп, болашақта ұшқыштар шығып жатса, әрі оған олар өкінбейтін болса, онда менің бүгінгі кездесуімнің пайдасы тигендігі, – деді полковник Еркін Жұмағалиев.
«Егемен-ақпарат».