• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2013

Қоянның қалпына қарап, қалжасынан түңілме

1549 рет
көрсетілді

Қоянның қалпына қарап, қалжасынан түңілме

Сейсенбі, 19 наурыз 2013 1:31

Қоян шаруашылығы қазақ халқына таңсық сала. Еліміздің агросекторында да елеусіз қалып келеді. «Қалпына қарап, қалжасынан түңілме» деген қазақтың ас мәзірінде де қоян етіне орын берілмеген. Десек те қазір Қазақстан қоян етін негізінен Германия мен Венгриядан тасымалдайды. Яғни, қоян етіне елімізде қажеттілік, сұраныс бар. Егер қажеттілік пен сұраныс бар болса, салпаңқұлақ-саққұлақ қоян шаруашылығын елімізде неге дамытпасқа? 

Сейсенбі, 19 наурыз 2013 1:31

Қоян шаруашылығы қазақ халқына таңсық сала. Еліміздің агросекторында да елеусіз қалып келеді. «Қалпына қарап, қалжасынан түңілме» деген қазақтың ас мәзірінде де қоян етіне орын берілмеген. Десек те қазір Қазақстан қоян етін негізінен Германия мен Венгриядан тасымалдайды. Яғни, қоян етіне елімізде қажеттілік, сұраныс бар. Егер қажеттілік пен сұраныс бар болса, салпаңқұлақ-саққұлақ қоян шаруашылығын елімізде неге дамытпасқа? 

Үкіленген қожалық

Қоян шаруашылығына мемлекет түбегейлі көңіл бөлмегенімен, үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы біздің елде де қоян өсіруді жеке шаруашылықтар қолға ала бастады. Оңтүстік, Шығыс және Ақмола облысында қоян бизнесіне кіріскен кәсіпкерлер «шиншилла», «күміс түсті» және «алып» деп аталатын үш түрін қолға үйретіп, бағып-қағып пайдасына шаш-етектен кенелмек еді. Бірақ қоян шаруашылығын қанатқақты жоба ретінде қолға алғанмен іс бітпейтін көрінеді.Осыдан екі жыл бұрын Оңтүс­тік­тегі Түлкібас ауданында ел­ құлағын елең еткізіп, қоян өсіру­ді қолға алған шаруашылық құ­рыл­ған-ды. Жалпы құны 191, 836 миллион теңгеге бағаланған қо­жалық бүгінде анау айтқандай аяғынан тұрып кете алған жоқ. Мамандардың айтуынша, өндіріс қуаттылығын арттыру, мини­фер­ма сатып алу, құрылыс пен жемдеу цехын жарақтандыру үшін мемлекет тарапынан субсидия мен жеңілдетілген несие берілмейінше, саланы айтарлықтай дамыта қою оңай емес көрінеді.Кезінде бүкіл елдің таңдайын қақтырып, Оңтүстікте ашылған асыл тұқымды қоян шаруашылығы қожаларының «24 тонна қоян етi, 9 600 қоян терiсiн және 180 мың көжек аламыз, жоба үш жылда өзiн толық ақтап шығады» деген үкілі үміті үдеден шықпады. Шаруа шатқаяқтап, жабылудың алдында тұр. Сенім ақталмады.«Оңтүстік» асыл тұқымды ша­руа­шылығы» ЖШС директо­ры Нұрдәулет Әлібаев қоян қожа­лы­ғын қолға алған алғашқы сәтте жаңа технологиялардың арқасында ретро қояндарға қарағанда, тез жетілетін акселерат қоянды өсіру арқылы мол табысқа кенелеміз деп ойладық. 2011 жылы қараша айы­ның орта тұсында Ресейден 120 қоянды әкеліп, ресейлік танымал қоян өсіруші Михайловтың тәсілімен, яғни «МИАКРО» технологиясы бойынша элиталық тұқым өсіре бастадық. Бірақ бүгінгі күні төккен тер, еткен еңбек, құйылған қаржы өзін ақтамай желге ұшты, дейді.Қазір шаруашылықта 600 ғана бас қоян қалды. Ешкім қоян еті­не қызықпайды. Базарға да шы­ғарып, сатып көрдік. Қазақ ба­ла­сы емдік қасиеті жоғары екенін білсе де қоян етін алмайды, дейді Нұрдәулет Әлібаев. Оның айтуынша, қоянның еті мен терісіне тек Сарыағаштағы шипажай мен Тараздағы тері өңдеу кәсіпорнынан аздаған сұраныс бар. Олардан түскен азын-аулақ кіріс 150 000 теңге тұратын миниферма сатып алудан аспайды, жем-шөпті өтемейді. Үмітпен үкіленген шаруашылық бүгінде осылайша үпі-тәпі күн көріп отыр.

Сенім неге ақталмады?Алдымен әуел баста таңдау неге Түлкiбас ауданына түсті де­ген сауалға келер болсақ, әдет­те акселерат қояндар аптап ыс­тық­қа төзбейді. 27 градустан жо­ғары температурада өздерін қо­лайсыз сезіне бастаса, 33 градус ыстық олардың өмiрiне кәдім­гі­дей қауiптi. Тау бөктеріне таяу ор­наласқан Түлкiбас аймағы – оң­түстiктегi ең салқын аудан. Сон­дай-ақ, таңдаулы «МИАКРО» техно­логиясына сәйкес қояндар ме­кендейтін ферманың арнаулы салқындатқыш бассейні бар. Салқын су аңдарды сергітумен қатар тәбетiн де ашуға тиіс. Яғни, қожалық иелері ыстыққа шыдамсыз акселерат қояндарды салқын самал тау бөктерінде, «МИАКРО» технологиясына сәйкес сақтап қалуға болатынына бек сенген.Алайда «МИАКРО» қазақстан­дық алғашқы қоян қожалығының сенімін ақтамады. Сондай-ақ мұндай минифермаларда күтімге алынған көжектер тұрпатына қарамай, тәулігіне аузы құрғамай 80 рет арнайы дайындалған құрамажемді қорек етуі керек. Ал мұндай құрамажем тек Алматыдан тасымалданады. Бұрын жемнің 1 келісі 55 теңге болса, қазір баға 70 теңгеге көтерілген. Бұған тағы жеткізу құнын қосқанда баға шарықтап шыға келеді. Мұндай қиындықтармен қоса, қоянды оңтүстіктің аптап ыстығында өсіру мүлдем тиімсіз.

Қалауын тапса, қар жанар…Ғалымдардың дәлелдеуінше, акселерат қояндар тез көбейеді. Мә­селен, бес аналық қоян бес айда 25-ке, он айда 125-ке, он бес айда 625-ке жетедi. Ал, 4-5 жылда олардың қаншаға көбейетінін ба­ғамдай беріңіз. Екiншiден, бұл жануар кәдiмгi қоянмен са­лыстырғанда, 3 есе жылдам өседi. Ретро қоянның бiр жылда қосатын 4-6 келi салмағын акселераттар 4 айда жинайды. Яғни, оларды фермаларда 4 айлығында соя беруге болады. Үшiншiден, олар ешқашан ауырмайды. Мұның өзі қосымша шығынды болдырмайды.Қысқа мерзім ішінде қоян шаруашылығын да, қоян еті өн­дірісін де жолға қоюға бола­ды, дейді Астанадан 10 ша­қы­рым қашықтықта орналас­қан Қосшыдағы қоян шаруа­шы­лығының қожасы Серікжан Әмір­жанұлы. Оның айтуынша, бұл ша­руа­шылық та халал индустриясы арқылы қалдықсыз «МИАКРО» технологиясы бойынша жұмыс жасап жатыр. Қояндар едені арнайы электржылытқышпен жылытылатын минифермада күтімге алынған.– Қазір шаруашылықта 563 бас бар. Еденнен келген жылу қоян­дарымыздың Сарыарқаның сары аязы мен боранында да алаң­сыз өсіп-өнуіне мүмкіндік беріп отыр. Акселераттар өте нәзік және кірпияз болатындықтан, кішкентай көжектерін қолға алуға болмайды. Қояндар табиғатынан қорқақ, өте үркек жануарлар. Сондықтан минифермаға адам аптасына бір-ақ рет жақындайды. Оған салынған жем-шөп, су бір аптаға жетеді, дейді Серікжан Әміржанұлы.Қорқақ қояндарды арнайы минифермада өсіру идеясы да осы Михайловтың ойлап тапқаны екен. Сөйтіп, акселерат қояндардың жем-жеп, су iшетiн науасы, жылыту, салқындату, желдету секілді шаруалардың барлығы автоматты басқаруға көшірілген. Қояндардың үйшіктерінің төрт жағы да ашық. Үнемі таза ауа кіріп тұрғандықтан, олар үй қояндарындай өздерінің зәрі мен тезектерінің иісіне уланбайды. Олардың зәрі, тезегі арнайы шахталар арқылы шелектерге түсіп, иісі мұржалардан шығып кетіп тұрады.Қосшыдағы шаруашылық та Михайловтың «МИАКРО-сына» сеніп отыр.

Бизнестің берері молШаруашылық алдағы уақытта қоян санын 5 мыңға жеткізіп, асыл тұқымды қоян шаруашылығы мәртебесін алуды көздеп отыр. Жалпы, жоба құны 130 млн. теңгені құраған. Қожалық басшысы Серікжан Әміржанұлы қояндар өзін-өзі бар жоғы 3 жылда ақтайды. Біздің Арқаға келгенімізге көп бола қойған жоқ. 40 бас асыл тұқымды қоянды Оңтүстіктен, тағы 40 бас­ты Новосібірден алып келдік. Қазір 563 бас бар. Сәуір айынан бері 320-330 басты сойып, етін тапсырдық. 36 бас қоянды асырап, көбейткісі келген кәсіпкерлерге саттық. Сонымен қатар, жеңсік ас саналатын қоянның етіне Астанада сұраныс көп. Ал терісі тігін цехтарына жөнелтіліп жатыр, дейді.Біздің білгеніміз, небәрі төрт ай ғана өмір сүретін акселераттарға дәрі егілмейді, химикат азық бе­рілмейді. Өмірінің дені анасының бауырында өтетіндіктен еті ақуыз­ға бай. Сондықтан балаларға ар­налған тағамдар жасауға өте пайдалы. Емдік қасиетке ие қоян еті адам ағзасын токсиндер мен шлак, радиация секілді зиянды заттардан арылтады. Сондай-ақ, суыққа қарсы иммунитетті күшейтеді. Асқазан-ішек ауруларына дауа. Терісі өте бағалы және бас киім, жаға, жакет, тон тігуге қолайлы.– Саланы дамытып, сапалық деңгейге көтере алсақ, мұндай шаруашылықты еліміздің барлық облыс орталықтарынан ашуға мүмкіндік бар. Мемлекет тарапынан қазіргі қаптаған бағдарламалар шеңберінде минифермалар сатып алуға лизинг берілсе, акселераттарды әркім өздері бір-екі минифермада-ақ өсіріп, қажетін өтеуіне болады, – дейді Серікжан Әміржанұлы.Арқадағы қожалық қояндарға берілетін құрамажемді өздерінде дайындауға дағдыланып, тасымал­дау­ға қаржы жұмсамауға күш салып жатыр екен. Қоян күтіміне де көп адамның жұмылуының қажеті жоқ. «Ақылды» минифермада көжектерге қажетті арнайы ереже тек «түймелердің» көмегімен жүйелі түрде іске асып тұрса болғаны.Демек, келешекте қоян қожа­лы­ғының шаруасы шалқып, тек­ ресторан, шипажайлардың сұра­ны­сын ғана өтеумен шектелмей, қарапайым халықтың да қол­же­тімді жеңсік асына айналса дейсің. «Жесе тісіне, жемесе түсіне кіретін» мал етіндей емес, емдік қасиетімен саламатты өмір сүрудің негізгі бір бөлігі болып қалыптасса жаман ба?Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ.