• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауда «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтуде

236 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде Маңғыстау облысы ПД Баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастауымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінде «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтуде. Аталған іс-шарада еліміздің әр өңірінен келген өзге ұлт өкілдерінен құралған 21 команда өз бақтарын сынайтын болады. Байқауға республикамыздың өңірлерінен 200-ден астам тәртіп сақшылары мен ІІМ-нің 3 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысуда.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген халыққа Жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатыны туралы атап өтілді. Сонымен қатар, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізіліп жатқан бұл іс-шараның мақсаты - ішкі істер органдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.

Байқаудың алғашқы күнін қатысушы тәртіп сақшылары қызмет бабында қаза тапқан әріптестеріне арнап орнатылған обелискке гүл шоқтарын қойып, үнсіздік жариялап, олардың естен кетпес ерлігі алдында тағзым етуден бастады. Содан кейін Департамент мұражайымен танысып, іс-шараның ашылу салтанатты жиынына бет бұрды.

Байқауға арнайы келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Заппаров Арыстанғани Расылханұлы және Маңғыстау облысы ПД бастығы полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жеребе тарту рәсімімен жалғасты.

Шара 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған Каспий маңындағы бес мемлекет Президенттері бас қосқан «Достық үйінде» өтуде.