Бұл туралы Ұлттық кеңестің мүшесі Берік Әбдіғали Кеңес отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.
– Бұл алғашқы отырыс болғаннан кейін өте жіті дайындықпен, салмақты өтті. Көптеген эмоциялық ұсыныс бар еді. Менің ойымша, оны келесі жолға қалдырып отыр. Бірақ мемлекетіміздің дамуына қатысты негізгі мәселелер көтерілді. Саяси реформалардың маңызы қозғалып, нақты экономикалық ұсыныстар берілді. Тіліміздің, ұлттық рухтың әңгімесі айтылды. Жиында мемлекетіміздің болашағына тікелей байланысты, тұрақтылығы мен дамуына қатысты ең негізгі, басым бағыттағы мәселелер айтылғанын тағы да айта кетейін. Бірақ айтылмаған жайттар әлі бар. Біздің кеңес мүшелері келесі отырыста соған дайындалады. Менің өзім Ұлттық кеңестің әлеумет және мәдениет тобындамын. Мемлекеттік тіліміз бен тарихымызға қатысты мәселелерді көтереміз, - деді срапшы.