• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Видео 06 Қыркүйек, 2019

Талғат Қалиев: БАҚ алдындағы кедергілерді жойғымыз келеді (видео)

313 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Президенті жанынан құрылған ОКҚ директоры Талғат Қалиев Ұлттық кеңестің отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

- Бүгін өте өзекті мәселелер көтерілді. Барлық жұмыс тобы белсенді жұмыс жүргізді. Біз сайлау туралы, партия туралы заңға өзгеріс енгізу бағытында жұмыс жүргізбекпіз. Бәрі де партияны тіркеуді жеңілдетуді мақұлдап отыр. Қол жинау ісінде тәртіп орнату керек. Сол секілді бәлкім, дәл қазіргі уақытта аудан әкімдерін сайлау жүйесіне өту кезеңі де келіп тұрғандай. Өйткені олар қазіргі таңда халықпен тікелей жұмыс жүргізіп, бюджетті бақылап отыр. Сөз бостандығын шектеп, БАҚ-тың дамуына кедергі келтіріп тұрған тетіктерді жойғымыз келеді. Бәлкім, депутаттардың қатысуымен белгілі бір жауапты министрліктің жанынан қандай да бір жұмыс тобы құрылуы мүмкін. Яғни, ол жұмыс тобы нақты біз атаған заңға өзгеріс енгізу жұмыстарын талқылайды,- деді сарапшы.