Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 5 қыркүйек күні шамамен сағат 13:30-да бұрын сотталған Атамекен ауылының екі тұрғынын құрықтады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Әйелдер тұратын үйді тінту барысында жазғы күркенің жанындағы учаскеде жер астынан жасырын орын табылды. Қызметтік Чак атты иттің көмегімен жасырын жерде жеті үлкен қап жалпы салмағы 88 келіні құрайтын марихуана табылды.
Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі (есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Маңғыстау облысы