• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қыркүйек, 2019

Ақтаудағы зияткерлік мектепте Абай мен Әбіш кабинеттері ашылды

617 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және киелі Маңғыстау жерінің төл тумасы, қаламгер, қайраткер Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай арнайы оқу кабинеттері ашылды. Бұл туралы аталмыш оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Абай ақын кабинетін ашу құрметі абайтанушы, сәулетші, «Абай әлеміне саяхат» клубы идеясының авторы Сайын Назарбек пен «Абай оқулары» республикалық байқауының жүлдегері 10 сынып оқушысы Бекзат Мұстафаға берілді.

Енді жас зияткерлер аталған кабинеттерде қазақ әдебиетінің қаймақтарының шығармаларымен етене жақын таныса алады.

Кабинеттердегі кітап қорын жасақтауға оқушылар мен ата-аналар ерекше үлес қосқандығын айта кеткен жөн. «DARA» оқырмандар клубының ұйымдастыруымен «Bookcrossing» жобасының негізінде зияткерлік мектептің оқушылары 300-ге жуық Абай мен Әбіш шығармаларын жинақтап, Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігіне сыйға тартты. Кітаптар аудиториялардағы сөрелерден орын тапты.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар