• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2019

Балқашта қалалық соттың фронт-кеңсесі ашылды

160 рет
көрсетілді

Балқашта тұрғындарға кеңес берілетін және қажетті көмек көрсетілетін қалалық соттың фронт-кеңсесі ашылды.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков, сот әкімшісінің орынбасары Мақсат Исин, прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар және билер кеңесінің мүшелері қатысты.

– Басты мақсат – сот қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтарды қабылдау бойынша қолайлы жағдай жасау, – деді облыстық соттың төрағасы.

Сонымен қатар ол жаңа жұмыс пішімін енгізу азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыруға, сотқа жүгіну кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Фронт-кеңседе ақпараттық орталық, күту залы, кіріс хат-хабарлар мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, азаматтық істерді қарауға арналған сот отырысы залы бар. Бұл жерде медиаторлар мен адвокаттарға арналған жеке кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар ныснада wi-fi жүйесі жұмыс істейді, гаджеттер үшін зарядтау құрылғылары орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар «Сот кабинеті» АЖ қызметін еркін пайдалана алады.

Еске салсақ, дәл осындай фронт-кеңселер Қарағанды, Шахтинск қалалары мен Абай, Осакаров аудандарының соттарында жұмыс істейді.

 

Қарағанды облысы