Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 7:36 Қ.П.Қожамжаровты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралыҚайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылсын.
Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 7:36 Қ.П.Қожамжаровты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралыҚайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 қаңтар. №481. Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыҒ.Р.Әбдірахымовты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 қаңтар. №485.Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыҚ.Қ.Айтмұхаметовті Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындау туралыҚосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 қаңтар. №482.Қосман Қайыртайұлы АЙТМҰХАМЕТОВ1963 жылы туған. Ақмола инженерлік-құрылыс институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, мамандығы бойынша – инженер-механик, заңгер. Институтты бітіргеннен кейін Ақмола облыстық кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы болып жұмыс істеді. Ақмола облыстық байланыс автобазасының директоры, Астана қаласының «Горкоммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары, директоры болды. Бұдан соң «КредитҚұрылыс НС» ЖШС директорының орынбасары, «Астана горкоммунхоз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып еңбек етті. 2009 жылғы наурыздан – Ақмола облысы әкімінің орынбасары, кейіннен бірінші орынбасары. Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыС.С.Ескендіровті Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралыСамат Сапарбекұлы Ескендіров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 қаңтар. №484.Самат Сапарбекұлы ЕСКЕНДІРОВ1966 жылы туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-механик, экономика магистрі. Институтты бітіргеннен кейін ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеді, кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды. Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2011 жылғы тамыздан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.