Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының Өскемен аймақтық бөлімінің ұйытқы болуымен Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында тұратын жалғызбасты ана Әсия Қалиеваға 4 бөлмелі үйдің кілті табыс етілді. Игі шараға облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен «Зекет» қорының өкілдері, Ұлан ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары қатысты. «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы «Ел үлесі – пәтерге» акциясын жариялаған болатын. Акцияның нәтижесінде ел көлемінде қысқа мерзім ішінде 125 отбасы баспаналы болып жатыр. Бұл үй Шығыс өңірінде беріліп жатқан 5-ші баспана, біз баспанаға мұқтаж осы отбасыны әдейі таңдап, Алла разылығы үшін қайырымдылық шарасын қолға алып отырмыз» дейді «Зекет» қорының Өскемен аймағы бойынша өкілі Аманбол Қуатұлы.
Шығыс Қазақстан облысы,Ұлан ауданы