Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №488-ө-м
Сенбі, 26 қаңтар 2013 5:54 2012 жылғы 21 желтоқсан, Астана қаласы2013 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында бұйырамын: 1.Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
Сенбі, 26 қаңтар 2013 5:54 2012 жылғы 21 желтоқсан, Астана қаласы2013 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында бұйырамын: 1.Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын. 2.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2012 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 370-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7938 тіркелген және 2012 жылғы 10 қазандағы «Казахстанская правда» № 346-347, 2012жылғы 10 қазандағы «Егемен Қазақстан» № 659-664 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын. 3.Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А.Крюкова) осы бұйрықтың: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын; 2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін. 4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Ә. Ахметовке жүктелсін. 5.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Министр С. ӘБДЕНОВ.Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 24 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8213 болып енгізілді.