Облыстың орталығына жылу беретін «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-нің соңғы мәліметіне қарағанда, қаладағы балабақша, аурухана, мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға жылу беру 16 қыркүйектен басталып кетті. Тұрғын үйлерге жылу беру 20 қыркүйекке жоспарлаған-ды. Алайда күздің мизамшуағы әзірге суық туралы ойлатар емес.
«Кәрі құданы» еске сала келетін алғашқы қара суық соғып кеткенде-ақ тұрғындар бүрісіп қалған. Алайда биылғы мизамшуақ сынап бағанасын 20-25 градусқа көтеріп жіберді. Сондықтан халық әзірге жылу іздеп, дауыс көтере қойған жоқ. «Кәрі құданы» еске сала келетін алғашқы қара суық соғып кеткенде-ақ тұрғындар бүрісіп қалған. Алайда биылғы мизамшуақ сынап бағанасын 20-25 градусқа көтеріп жіберді.
Сондықтан халық әзірге жылу іздеп, дауыс көтере қойған жоқ. Жылу жүйелері кәсіпорынның алдын ала жасаған жобасына қарағанда облыс орталығындағы тұрғын үй қорының 93 пайызы жылу беру маусымына дайын екен. Ал бұл қордың көлемі 1086 көп қабатты үй. Соның 1009-ы, мамандардың айтуына қарағанда сақадай-сай.
Алайда қалған үйлердің кейбірінде әлі де жылу жүйесі тазартудан өткізілмеген. «Ал мұндайдан өтпегендер дайындық паспортын ала алмайды, сондықтан оларға жылу да берілмейді. Біз әкімдік тарапынан арнаулы қаулы шыққан бойында дайын үйлерге жылу беруге әзірміз», дейді «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС-нің бас инженері В.Холоша. Сонымен бірге маман әлі де бейқам жүргендерді жылу жүйесін қабылдауға дайындықты тезірек аяқтауға шақырды. Өз сөзінде бас инженер жылу беру кәсіпорнының бүгінгі жағдайына тоқталып, маусымға дайындық барысы туралы да айтып өтті. Тоғызыншы қыркүйекке дейін кәсіпорында жүргізілген күрделі және ағымдық жөндеулердің нәтижесінде облыс бойынша 10,863 шақырым жылу трассасы жаңартылған. Ал бұл барлық жүйенің 87,9 % деген сөз. Сонымен бірге серіктестік өзінің 4 ғимаратын да жөндеуден өткізіпті.
Жылу құбырларының 2,849 шақырымы жөнделіп, 43 сорғыш стансалардың жарақтары жаңартылған. Сөйтіп кәсіпорын өкілі қалаға жылу беру ісінде ешқандай кем-кетік болмайтынына тұрғындарды сендіріп отыр.Синоптиктердің болжамына қарағанда алдағы аптада жауын-шашын болып, күн суыта бастайды. Жылу қабылдауға дайындық паспортын әлі алмағандар соған дейін жедел қимылдауы керек-ақ.
ПЕТРОПАВЛ