• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасының Заңы №73-V

568 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Заңы №73-V

Сенбі, 2 ақпан 2013 7:13

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы

Осы Заң жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негіздерін айқындайды, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке бас­ты куәландыратын құжаттарды дайындау, беру, ауыс­тыру, тапсыру, алып қою және жою жөніндегі қызметті реттейді.

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелде­месі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

2) босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәлан­дыратын және мәртебесін растайтын құжат;

 

Сенбі, 2 ақпан 2013 7:13

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы

Осы Заң жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негіздерін айқындайды, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке бас­ты куәландыратын құжаттарды дайындау, беру, ауыс­тыру, тапсыру, алып қою және жою жөніндегі қызметті реттейді.

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелде­месі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

2) босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәлан­дыратын және мәртебесін растайтын құжат;

3) жеке басты куәландыратын құжат – жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік бере­тін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық объект;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі – азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақ­стан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;

5) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын және Қа­зақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;

6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық пас­порты – өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан, одан тыс жерлерде тұрған кезде және Қазақстан Республикасына келген кезде Қазақстан Республикасы азама­тының жеке басын куәландыратын құжат;

7) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты – өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан және келген, одан тыс жерлерде тұрған кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын және оның иесінің ресми мәртебесін растайтын құжат;

8) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куә­лігі – теңіз кемесінің бортында (әскери корабльді қос­пағанда) оның экипажының құрамында, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын аралас (өзен-теңіз) жүзетін кеменің бортында жұмыс істейтін құжат иесінің немесе практикадан өту үшін кемелерге жіберілетін, оқу орнында білім алушының жеке басын куәландыратын құжат;

9) қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат;

10) туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куә­ландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркел­гені туралы айғақтайтын құжат;

11) уақытша жеке куәлік – жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған не куәлігі болмаған кезде Қа­зақ­стан Республикасының азаматтарына берілетін құжат;

12) уәкілетті мемлекеттік органдар – өз құзыреті шегінде жеке басты куәландыратын құжаттарды ре­сімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын ішкі істер органдары, әділет органдары, сыртқы саяси қызмет саласындағы орган, көлік және коммуникация саласындағы орган;

13) шетелдік паспорт – шетелдіктің немесе аза­маттығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жә­не олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде Қазақстан Республикасы танитын құжат;

14) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруы­на ықтиярхат – Қазақстан Республикасының аумағын­да шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғандығын растайтын құжат.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының жеке басты куәлан­дыратын құжаттар туралы заңнамасы Қазақстан Рес­публикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де норма­тивтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заңның күші тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

 

4-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттар саласындағы  құқықтық реттеу қағидаттары

Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуге, беруге, ауыстыруға, тапсыруға, алып қоюға және жоюға қойылатын талаптар:

1) заңдылық;

2) міндеттілік;

3) адамның және азаматтың құқықтары мен бостан­дықтарын сақтау;

4) баршаның заң алдында теңдігі;

5) шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері себептері бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсіту­шілік­ке жол бермеу;

6) адамның және азаматтың құқықтары мен міндет­терінің бірлігі;

7) қолжетімділік қағидаттарына негізделеді.

 

5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақ­стан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік­тер­дің және азаматтығы жоқ адамдардың өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжаттар алуға құқығы бар.

2. Тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұ­рақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжатта­рының болуы міндетті.

 

2-тарау. ЖЕКЕ БАСТЫ КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

6-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттар

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;

6) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;

7) босқын куәлігі;

8) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;

9) шетелдік паспорт;

10) қайтып оралуға арналған куәлік;

11) туу туралы куәлік жеке басты куәландыратын құжаттар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларда, жүргізушінің куәлігі және әскери билет жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекет­тік органдары беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекет меншігі болып табылады.

3. Азаматтық-құқықтық мәмілелер осы баптың 1-тар­мағының 1), 2), 3), 4), 9) және 11) тармақша­ла­рында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жасалады.

 

7-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарға

 қойылатын талаптар

1. Жеке басты куәландыратын құжаттар мынадай деректерді:

1) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

2) туған күнін, айын, жылын және жерін;

3) туу туралы куәлікті қоспағанда, жынысын;

4) қай ұлтқа жататынын – осы Заңның 6-бабы 1-тар­мағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетіл­ген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;

5) туу туралы куәлікті қоспағанда, азаматтығын;

6) туу туралы куәлікті қоспағанда, фотосуретін;

7) құжатты берген органның атауын;

8) туу туралы куәлікті қоспағанда, құжаттың беріл­ген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;

9) туу туралы куәлікті қоспағанда, құжаттар иесінің қойылған қолын қамтиды.

2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) жә­не 11) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куә­лан­дыратын құжаттар жеке сәйкестендіру нөмірін қамтиды.

3. Жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде толтырады.

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінде толтырылады.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық пас­порты, Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі қазақ және ағылшын тілдерінде толтырылады.

 

8-бап. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтарға жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.

2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына мынадай жазбалар мен белгілер:

1) шетелге тұрақты тұруға кету туралы рұқсат беру жазбасы;

2) ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдай­ларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фото­суреттері жапсырылған жазба;

3) шет мемлекеттің визасы;

4) шекаралық бақылау-өткізу пунктінің шекарадан өту туралы белгісі енгізілуі мүмкін.

3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекет­тік органдары Қазақстан Республикасы азаматының пас­портына қоятын белгілер мөртабандармен ресімде­леді, олардың нысанын Қазақстан Республикасының уәкі­летті мемлекеттік органдары және Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді. Қазақстан Республикасы азама­тының паспортына осы Заңда көзделмеген жазбалар мен белгілерді қоюға және енгізуге тыйым салынады.

4. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты он жыл қолдану мерзіміне беріледі.

 

9-бап. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұра­тын оның азаматтарының жеке куәлігінің болуы міндетті.

2. Қазақстан Республикасының азаматтарына он алты жастан бастап жеке куәлік беріледі.

3. Шетелге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Рес­публикасының азаматтары жеке куәліктерін ішкі істер органдарына тапсырады.

4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі он жыл қолдану мерзіміне беріледі.

 

10-бап. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат

 

1. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап он жыл қолдану мерзіміне, бірақ олар азаматы болып табылатын елдің паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

2. Шетелге шыққан кезде шетелдіктің жеке басын өзі азаматы болып табылатын елдің паспорты куәландырады.

 

11-бап. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі

1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, он алты жасқа толған азаматтығы жоқ адам­дарға азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.

2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Рес­публикасының аумағында және одан тыс жерлерде иесінің жеке басын растау үшін бес жыл қолдану мерзіміне беріледі.

3. Шетелге ата-аналарсыз, қамқоршыларсыз, қор­ған­шыларсыз шыққан кезде азаматтығы жоқ адамның куәлігі он алты жасқа дейінгі адамдарға беріледі.

 

12-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты

1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық пас­порты Қазақстан Республикасының Президенті бекі­тетін тізбеге сәйкес лауазымды адамдарға беріледі.

2. Сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілет­ті мемлекеттік орган басшысының тізбеде көрсетіл­меген адамдарға Қазақстан Республикасы Президен­тінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортын беруге құқығы бар.

3. Қазақстан Республикасының дипломатиялық пас­порты бар адамдардың жұбайлары мен он сегіз жасқа дейінгі балалары ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға бірге шыққан жағдайда, оларға да дипломатиялық паспорттар беріледі.

4. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты бес жыл қолдану мерзіміне беріледі.

 

13-бап. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты

1. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тізбеге сәйкес лауазымды адамдарға беріледі.

2. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттары бар адамдармен бірге ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға баратын жұбайлары мен он сегіз жасқа дейінгі балаларына да қызметтік паспорттар беріледі.

3. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты бес жыл қолдану мерзіміне беріледі.

 

14-бап. Босқын куәлігі

1. Босқын куәлігі «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бос­қын мәртебесі берілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

2. Босқын куәлігі бір жыл қолдану мерзіміне бері­леді, оны уәкілетті мемлекеттік орган босқынның шық­қан елінде оған босқын мәртебесін беруге негіз болған мән-жайлар сақталған кезеңге дейін әрбір келесі жылға ұзартады.

 

15-бап. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі

1. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі кеме бортында жұмыс істейтін Қазақстан Республи­касының азаматтарына немесе практикадан өту үшін кемелерге жіберілетін оқу орындарында білім алушы­ларға беріледі.

2. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі Қазақстан Республикасында тіркелген кемелерде жұ­мыс істеу үшін жалданған, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға да беріледі.

3. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі бес жыл қолдану мерзіміне беріледі.

 

16-бап. Шетелдік паспорт

1. Шетелдік паспорт шетелдіктің немесе азамат­тығы жоқ адамның жеке басын куәландырады және олардың құқықтық мәртебесін растайды.

2. Шетелдік паспортты беру негіздері және оның қолданылу мерзімі шет мемлекеттің заңнамасында айқындалады.

 

17-бап. Қайтып оралуға арналған куәлік

1. Қайтып оралуға арналған куәлік:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уа­қытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;

2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;

4) босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақ­стан Республикасына келу үшін жарамсыз құжаттары бар азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына берілген жағдайда беріледі.

2. Қайтып оралуға арналған куәлік Қазақстан Республикасына бір реттік келу үшін беріледі және ол Қазақ­стан Республикасынан кету үшін пайдаланылмайды.

3. Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.

4. Қайтып оралуға арналған куәлікке:

1) шет мемлекеттің визалар беруге уәкілетті құзы­ретті органы – визалар туралы;

2) шекара қызметі органы, шет мемлекеттің шекаралық бақылауды жүзеге асыратын құзыретті органы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан және басқа мемлекеттердің мемлекеттік шекараларынан өту туралы;

3) тиісті белгіні енгізген орган – бұрын енгізілген белгілерді жою туралы белгілер енгізеді.

 

18-бап. Туу туралы куәлік

1. Туу туралы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде беріледі.

2. Мынадай құжаттардың бірін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін не шетелдік паспортты алғанға дейін туу туралы куәлік жеке тұлғаның жеке басын куәлан­дыратын құжат болып табылады.

 

19-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру негіздері

Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру мынадай құжаттардың бірінің негізінде жүзеге асырылады:

1) туу туралы акт жазбасы;

2) туу туралы куәлік;

3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

5) уақытша жеке куәлік;

6) қайтып оралуға арналған куәлік;

7) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

8) шетелдік паспорт;

9) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қа­былдау, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтықты өзгерту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халық­аралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтамалар;

10) уәкілетті мемлекеттік орган оң тұрғыда қараған, босқын мәртебесін беру туралы қолдаухат.

 

20-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру

1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды (Қазақ­стан Республикасының шетелдегі мекемелерінде ре­сім­делген құжаттарды қоспағанда) алуға өтінім беріл­ген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешік­тірілмейтін мерзімде уәкілетті мемлекеттік органдар жеке басты куәландыратын құжаттарды иесіне немесе оның заңды өкіліне береді.

2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) – 4) тармақ­шаларында көзделген жеке басты куәландыратын құ­жат­тар жеке тұлғаның қалауы бойынша Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жедел­детілген түрде беріледі.

3. Жеке басты куәландыратын құжаттарды толтыр­ған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа деректер, Қазақстан Республикасының заң­да­рында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.

4. Жеке куәлігін жоғалтқан, ол жарамсыз болған кезде не куәлігі болмаған кезде, жаңасын алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтарына үш ай қол­дану мерзіміне уақытша жеке куәлік беріледі.

Уақытша жеке куәліктің қолданылу мерзімін ұзар­туға жол берілмейді.

 

21-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттар жоғалған  жағдайда оларды қалпына келтіру

1. Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақ­стан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жеке басты куәлан­дыра­тын құжаттарды жоғалтқан жағдайда, жаңа құжаттар алу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға өтініш білдіреді.

2. Шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының паспортын жоғалтқан кезде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекеме­леріне өтініш білдіреді.

 

22-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттардың

 жарамсыздығы, оларды ауыстыру және тапсыру

1. Жеке басты куәландыратын құжат:

1) онда осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректер (туу туралы куәлікті қоспағанда) болмаған;

2) оның қолданылу мерзімі өткен;

3) осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректерді не құ­жат­ты қорғау дәрежесін сәйкестендіру мүмкін болмаған;

4) құжат жоғалғанда, иесі уәкілетті мемлекеттік органға өтініш берген күннен бастап;

5) иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеген;

6) жынысын өзгерткен жағдайларда, жарамсыз болып табылады және тапсыруға және ауыстыруға жатады.

2. Табылған жеке басты куәландыратын құжаттар ішкі істер органдарына тапсырылады. Жоғалған жеке басты куәландыратын құжатты иесі қалпына келтірген жағдайда, табылған құжат Қазақстан Республика­сы­ның заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылады.

3. Қайтыс болған адамдардың, сондай-ақ сот қайтыс болды деп жариялағандардың жеке басын куәлан­дыратын құжаттар уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырылады және Қазақстан Республикасының заң­на­ма­сында белгіленген тәртіппен жойылады.

 

23-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қою  және пайдалану

1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгі­ленген жағдайларда және тәртіппен алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында лауазымды адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды алып қояды.

Өзге органдар мен лауазымды адамдардың жеке бас­ты куәландыратын құжаттарды алып қоюына тыйым салынады.

2. Жеке басты куәландыратын құжаттарды кепілге қабылдауға тыйым салынады.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көз­дел­ген жағдайларды қоспағанда, жеке басты куәлан­дыратын құжаттардың көшірмелері бойынша жеке тұлғаны сәйкестендіруге, сол сияқты оларды пайда­лануға тыйым салынады.

4. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар­дың жеке басты куәландыратын құжаттары алып қойылады және үкімдерді орындайтын мекемелерде сақталады. Жазаны өтеуден босатылған кезде жеке бас­ты куәландыратын құжаттар иелеріне қайтарылады.

 3-тарау. ЖЕКЕ БАСТЫ КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТТАР  САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

24-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Рес­публикасы лауазымды адамдарының тізбесін бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

25-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық жә­не қызметтік паспорттарын қоспағанда, жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін бекітеді;

2) жеке басты куәландыратын құжаттардың үлгіле­рін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президен­тінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

26-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

Ішкі істер органдары:

1) жеке басты куәландыратын құжаттардың:

Қазақстан Республикасы азаматы паспортының;

Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың;

азаматтығы жоқ адамның куәлігінің;

босқын куәлігінің үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлейді;

2) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақ­стан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

27-бап. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті  мемлекеттік органның құзыреті

Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

1) Қазақстан Республикасы дипломатиялық паспор­тының және Қазақстан Республикасы қызметтік пас­пор­тының үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыс­тыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлейді;

2) қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісін, оны ресімдеу, беру және ауыстыру тәртібін әзірлейді;

3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асырады;

4) шетелде тұрақты тұру құқығына құжаттар алған Қазақстан Республикасы азаматтарынан жеке куәлігін және өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдаған жағдайда – паспортын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қояды;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақ­стан Республикасы Президентінің және Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

28-бап. Өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті

Өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар:

1) жеке басты куәландыратын құжаттардың:

әділет органдары – туу туралы куәліктің;

көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы теңіз­шісі­нің жеке куәлігінің үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлейді;

2) өз құзыреті шегінде жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақ­стан Республикасы Президентінің және Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау  саласындағы мемлекеттік монополия

Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәланды­ратын құжаттарды дайындау, құжаттарды дайындау жүйесі де­ректерінің ықпалдастырылған банкін жинақтау және жүргізу, көші-қон үдерістерінің есебін жүргізу жұмысын автоматтандыру, ішкі істер органдары үшін бағдар­­лама­лық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруа­шылық жүргізу құқығындағы респуб­­ликалық мемл­е­кеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

 

30-бап. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын  құжаттар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

 

Қазақстан Республикасының жеке басты куәлан­дыратын құжаттар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қаңтар  №73-V ҚРЗ