• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қыркүйек, 2019

Жерге алып астероид жақындап келеді

362 рет
көрсетілді

Бүгін Жерге үш Хеопс пирамидасы көлеміндегі алып астероид 4,2 миллион километрге дейін жақындайды деп болжанып отыр. 

NASA жер маңындағы объектілерді зерттеу орталығының мәліметінше, 523934 (1998 FF14) атауына ие болған аспан денесінің көлемі шамамен 190 метрден 430 метрге дейін жетеді.

Оның көлемін биіктігі 139 метрге жететін екі-үш Хеопс пирамидасымен салыстыруға болады.

Ресей Ғылым академиясының Астрономия институты жұлдыздар физикасы және эволюциясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Вибенің айтуына қарағанда, бұл қашықтықтан ғаламшарға әсер ету мүмкін емес.

"Бұл - қалыпты жағдай, - дейді ғалым. - Ол қатты жақындамайды. Кез келген астероид Жерге бір жағдайда ғана әсер етеді, яғни Жерге құлаған кезде. Бірақ осындай қашықтықтан ұшып өтетін астероидтың ешқандай әсері болмайды".

Оның айтуынша, астероидтың көлемі бірқалыпты.