• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қыркүйек, 2019

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Ақтаудан пәтер сыйға берілді

169 рет
көрсетілді

Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғап, алтын медальды жеңіп алған Бекзат Нұрдәулетовке туған жері Маңғыстауда ерекше құрмет көрсетілді.

Былғары қолғап шебері мен бапкерлерін қабылдаған облыс әкімі Серікбай Трұмов алдымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, Президенттің алғысын жеткізді. Өңір басшысы жерлестері атынан батырға Ақтаудан жаңа екі бөлмелі пәтердің кілтін тарту етті. Ал алғаш спортқа баулыған жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаевқа 3 миллион, қазіргі бапкері Марат Жакиевке 5 миллион теңге сыйлады. Сондай-ақ Бекзаттың туған қаласы Жаңаөзен басшылығы жас батырға темір тұлпар мінгізді.

Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем біріншілігінде Қазақстанның ұлттық құрамасынан ең көп жекпе-жек өткізген Бекзат екен. 6 жекпе-жегінде де жеңіске жетіп, ел қоржынына жалғыз алтынды салды. Бапкері Марат Жакиев екеуінің ендігі мақсаты – Олимпиада шыңын бағындыру.

 

 

Маңғыстау облысы