• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1566

336 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1566

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:50

2012 жылғы 7 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі

«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 175-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде:мынадай мазмұндағы 50-1 және 61-1-тармақтармен толықтырылсын:«50-1. Үкiметтік сыртқы қарыз қаражатынан және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанған БИЖ-дің құнына техникалық көмекке, тауарларға, оқытуға, жоба құрылысын басқару, сүйемелдеу, институционалдық дамыту, қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерге арналған шығыстар қосылады.»;

«61-1. Үкiметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанған БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасының қорытындысы техникалық көмекке, тауарларға, оқытуға, жоба құрылысын басқару, сүйемелдеу, институционалдық дамыту, қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерге арналған шығыстарды бағалауды қамтиды.»;97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«97. Республикалық бюджеттің нысаналы даму трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті БИЖ-ді іске асыру жөніндегі ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті кезеңнен кейінгі 10 тамыздан және 10 ақпаннан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«101. Осы ереженің 100-тармағында көрсетілген ақпаратты жергілікті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері БИЖ-дің электронды порталына тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жос­парлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 20 тамыздан 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынады.»;103-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;көрсетілген ережеге 8-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1566 қаулысына қосымша

Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу,іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесіне 8-қосымша

Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалар мен республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жобаларды іске асыруды монитрингілеу жөніндегі есеп

РББӘ______________________Есепті кезең: 20 __ жылғыР/с№     ШФТ    ББӘ/ЖАО    КБ    ББ    БИЖ-дің атауы    Жобаны іске асыру кезеңі (жыл/жарты-жылдық)    Құжатта-маға сәйкес БИЖ-дің бастапқы құны    ТЭН/ЖСҚ сәйкес БИЖ-дің түзетілген құны    БИЖ-ді қаржыландырудың барлық жоспарланған көлеміоның ішіндеРБ    ЖБ1    2    3    4    5    6    7    8    9    10    11

ББӘ/ЖАО бойынша барлығыСала бойынша барлығы

Кестенің жалғасыТЭН/ЖСҚ сәйкес орындалған жұмыстардың заттай мәндегі мөлшерiЕсептi кезеңге дейінгi факті    Есептi кезеңдегi жоспар    Есептi кезеңдегi факт    Есепті кезендегі орындалмаған іс-шаралар12    13    14    15

Кестенің жалғасыОрындалған жұмыстардың көлемi, мың теңгеІске асыру мерзімінен бастап БИЖ қаржыландыру, барлығы    Есепті кезендеФакт    Жоспар    Жал-пы жоспар РБ+ЖБ    Факт    Жалпы факт РБ+ЖБ    Ауытқуы    Жалпы ауытқу РБ+ЖБРБ    ЖБ    РБ    ЖБ        РБ    ЖБ        РБмың. теңге    %    ЖБмың. теңге    %    мың. теңге    %16     17     18      19    20     21     22     23     24     25     26     27     28     29

Кестенің жалғасыАуытқу себептерi    Қабылданған (қабылданатын) шаралар    Жобалардың саны    Ескертпе (құжаттардың бар болу),қымбаттаудың себептеріБарлық іске асыры-латыны    Аяқталуға жоспар-ланғаны    Іс жүзінде аяқталғаны    Аяқтал-маудың себептерi30    31    32    33    34    35    361.** ТЭН:2. *** ЖСҚ:3. **** Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінң бұйрығы:4. ***** САРАПТАМАЛАР1) Салалық органның сараптамасы;2) ТЭН-нің мемлекеттік сараптамасы;3) Экономикалық сараптама;4) Экологиялық сараптама;5) Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама.

М.О. ____Мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының Т.А.Ә. қолы

Ескертпе:* БИЖ-дің іске асырылуынан бастап толық қаржыландырылуы, оның ішінде жылдар бойынша;** ТЭН қажет жағдайда, ТЭН-нің № мен мерзімін көрсету қажет. Егер ТЭН қажет болмаған жағдайда «түрін» көрсету қажет. Егер ТЭН қажет болып, жоқ болған жағдайда «жоқ» деп көрсету қажет;*** ЖСҚ-ның № мен мерзімін көрсету қажет. Егер ЖСҚ жоқ болса, «жоқ» деп көрсету қажет;****Егер қажет болған жағдайда ҚІТКША-нің бұйрық мерзімі мен № көрсету қажет. Егер жоба ҚІТКША бұйрығын талап етпесе, «талап етілмейді» деп көрсетуі қажет. Егер ҚІТКША бұйрығы жоқ болса, «жоқ» деп көрсету қажет;*****сараптаманың № мен мерзімін көрсетуі қажет. Егер сараптама жоқ болған жағдайда, «жоқ» деп көрсету қажет.

Соңғы жаңалықтар