Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:57
2012 жылғы 11 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдағы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж, № 42, 408-құжат) мынадай өзгерістер енгізілісін:көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесінде:2-тармақта:екінші және сегізінші абзацтар алынып тасталсын;алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:«аккредиттелетін субъект – медициналық ұйым, жеке тұлға;»;

3-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«5. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) құрады және аккредиттелген денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшылардың дереқорын қалыптастырады.»;19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:5) аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі бағалауды баллдық жүйе негізінде жүргізу кезеңдерінен тұрады.;20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Сыртқы кешенді бағалау қорытындылары баллдық жүйе негізінде аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды жүргізумен аяқталады.»;«Емші сертификатын беру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына денсаулық сақтау ұйымдарына аккредиттеу жүргізу тәртібі» деген 4-бөлім алынып тасталсын;35-тармақтың төртінші бөлігі алынып тасталсын;39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«39. Аккредиттеуші органның аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешіміне медициналық ұйымдар және жеке тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.»;көрсетілген ережеге қосымша алынып тасталсын.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізілді.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.