• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қыркүйек, 2019

Сәулеті талапқа сай болуы керек

283 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының сәу­леттік келбетін дамы­ту үшін мемлекеттік бағдарлама ар­қылы салынып жатқан үй­лердің сыртқы қасбетін заман талабына сай ету керек. Осылай деп мәлімдеген қа­ла әкімі Ерлан Айтаханов шаһарда тұрғызылып жат­қан бірқатар тұрғын үй ке­шен­дерінің жұмыс барысымен танысты.

Әуелі Шымкенттің жаңа қа­ла­­шығына айналған әкімшілік іскер­лік орталығындағы тұрғын үй­­лердің құрылыс алаңын ара­лаған шаһар басшысы мердігер мекеменің басшысына жұмысты жандандырып, нысанды мер­зі­мінде аяқтау қажеттігін айтты. Сон­­дай-ақ жауапты сала басшыларына инфрақұрылым мәселесін тез әрі оңтайлы шешуді тапсырды.

Одан соң С.Бәйтереков көше­сінде орналасқан «Tamerlan Residence» тұрғын үй кешенінің құры­лысына барды. Аталған ны­санды «BI Group» ЖШС құры­лысты келесі жылдың тамыз айын­­да аяқтауды жоспарлап отыр. Мұнда 16 және 12 қабатты 7 тұр­ғын үй бой көтеретін болады.

Бұдан әрі қала әкімі «Ақ­жайық» және «Көкжайлау» тұр­ғын үй кешендерінің құрылы­сын көрді. Нысандарды салып жат­қан мердігер мекемелердің өкіл­дерімен кездесу барысында тұрғын үйлердің қасбетіне баса көңіл аударып, қаланың көркін ашатындай етіп салу айтылды.

Өз кезегінде «Тұран» ықшам ауда­нындағы 1200 орындық мек­тептің құрылысына барған қала басшысы мұндағы шешілмей жат­қан түйткілді коммуналдық мәселелермен қатар, балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасалуы керектігін қадап айтты.

Сонымен қатар Е.Айтаханов аталған тұрғын үйлердің құры­лысын жүргізіп жатқан барлық мердігерлерге бірнеше сын-ес­кертпелер жасады. «Мұндай тұр­ғын үйлерді саларда ең алдымен инфрақұрылым мәселесін шешкен жөн. Сондай-ақ мүмкіндігі шек­теулі жандарға арналған пан­дустар болуы шарт. Салынып жатқан тұрғын үйлердің қасбеті заман талаптарына сай әрі әсем болуы керек. Шымкент – мегаполис қала. Демек, біз жаңаша ойлап, қаламыздың көркеюіне баршамыз ат салысуымыз қажет», деді Ерлан Қуанышұлы.

Қазіргі таңда қалада мемле­кеттік бағдарлама арқылы салы­нып жатқан тұрғын үйлердің құ­рылысы аяқталуға жақын. Нақ­тырақ айтар болсақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 26 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл үйлерді «7-20-25» бағдарламасы арқылы да алуға болады. Жыл соңында лентасы қиылатын 26 тұр­ғын үйде барлығы 1164 пәтер орналасқан.

Шымкент қаласының Құ­ры­лыс басқармасы таратқан мәлі­метке сүйенсек, аталған тұр­ғын үй­лерді салу үшін бағдар­­ламаның операторы – «Баспана» АҚ-нан 10 млрд теңге және жеке инвес­торлардан 2,7 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

«Жыл соңына дейін, дәлірегі жел­тоқсан айында нысандар пай­­далануға беріледі деп жос­парланып отыр. Жеке инвес­торлар өздерінің құрылысқа құй­­­ған қаржысының үлестік пәтерін алады. Сөйтіп, хабарландыру беріп екінші деңгейлі банктер арқылы оны «7-20-25» бағдарламасымен өткізеді. «Баспана» АҚ-ның үлесіндегі пәтерлер де сол бағдарламамен үлестіріледі. Бірақ мұнда тұрғын үй кезегінде тұрғандарға, көп ба­лалы отбасыларға басымдық беріледі», дейді «Shymkent» ӘКК» АҚ басшысы Әбілсейіт Рабаев.

«Shymkent» ӘКК» АҚ-мен «7-20-25» бағдарламасы аясында жүр­гізіліп жатқан тұрғын үйлер­дің жалпы ауданы 73 мың шаршы метрден асады.

Бұл тұрғын үйлер қайда салынып жатқанына тоқталсақ. Бағдарлама аясында құрылысы жүргізіліп жатқан үйлер 2 кезеңге бөлінген. 1-кезеңде» Тұран» ша­ғын ауданындағы 9 қабатты 2 тұр­ғын үйді және «Қаратау» ауданы 192 орамдағы 5 қабатты 6 үйді тапсыру жоспарланған.Құрылысын«БекСтрой­­ Сер­вис» ЖШС жүргізеді. Жал­пы ауданы 8960,28 шаршы метрді құрайтын бұл үйлерде 1, 2 және 3 бөлмелі, барлығы 126 пәтер болады.

Бұдан бөлек көпқабатты тұр­ғын үйлерге жапсарласып, әлеу­меттік, тұрмыстық, сау­да-саттық және ойын-сауық орталықтары да салынады. Бұл тұрғын үйлер «Екі жұлдыз» тойханасының қарсы бетінде орналасады.

Ал, «Қаратау» ауданы 192 квар­талдағы 5 қабатты 6 үйдің сметалық құны құрылысын «АрхПроект-1» ЖШС қолына алған. Жалпы ауданы 16000,8 шаршы метр құрайтын үйде 240 пәтер болмақ. Құрылыс жұ­мыс­тарының 2 кезеңінде «Тұран» шағын ауданында тағы да 6 көп­қабатты тұрғын үй бой кө­тереді. Бұл тұрғын үйлердің құрылысы аяқталғанда 350 пәтер өз иесін табады.

«Қаратау» ауданы, «Асар-2» шағынауданы №3196 А, 3196 жер телімдерінде 5 қабатты 10 тұрғын үй бой көтереді. Нәтижесінде 300 пәтер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, «Қаратау» ауданы, 178 квартал, №36 жер телімінде 9 қабатты 2 тұрғын үйдің құры­лысы басталған. Пәтер ауданы – 15225 шаршы метрді құрайтын бұл үй 192 пәтерлі болады.     

Тапсырысқа жыл соңында бері­летін бұл пәтерлердің 1 шаршы метрі 190 000 – 210 000 теңге ара­лығында болады. Таңдаған пәтер құнының 20 пайызы болса, қалған қаржыны банк арқылы «7-20-25» бағдарламасымен 7 пайызға, 25 жылға дейін рәсім­деуге болады.             

«Баспана» АҚ немесе жеке ин­весторлардың қаржысына са­лынған пәтерлердің бағасында ешқандай айырмашылық болмайды. «7-20-25» бағдарламасының ережесіне сәйкес, таңдаған үйдің құны 25 млн теңгеден аспауы керек. Одан арзандары құпталады.

Сондай-ақ Шымкент қалалық құрылыс басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, жоғарыда аталған 26 тұрғын үйден бөлек, биыл жеке инвесторлардың есе­бінен тағы 49 тұрғын үйдің құ­рылысы жүргізіліп жатыр екен. Жалпы ауданы 190 мың шаршы метрден асатын үйлерде 1919 пәтер бар.

Аталған тұрғын үйлер жеке салу­шылар тарапынан салынып жатыр. Бұл үйлер де «Баспана» ипотекалық компаниясының «7-20-25» бағдарламасы, «Тұрғын-­үйқұрылысжинақбанкі» АҚ тағы басқа да механизмдер арқы­лы сатылымға шығарылады.

Қалада құрылысы жүргізіліп жат­қан баспаналардың жағдайы­мен толық танысқан шаһар бас­шысы Ерлан Қуанышұлы жауапты сала басшыларына архи­тектуралық қала құрылысы кеңе­сінде жоғарыда аталған барлық мәселелерді көтеріп, тиісті ше­шім шығаруды тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі таң­да қала бойынша тұрғын үй құры­лысына жалпы мемлекет тарапынан 34,6 млрд теңге (құрылыс басқармасы - 20,3 млрд, «SHYMKENT» ӘКК» АҚ - 10 млрд, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жас­тарға жалдамалы пәтерді сатып алуы үшін 4,3 млрд) жұмыл­дырылған.

 

 ШЫМКЕНТ