Сенбі, 16 ақпан 2013 6:28
2012 жылғы 19 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
«Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 631-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Сенбі, 16 ақпан 2013 6:28
2012 жылғы 19 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
«Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 631-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1616 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысымен бекітілген
Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданды және шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Қағидада мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
1) кеме билеті – шағын өлшемді кемеге меншік құқығын және осы кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын растайтын құжат;
2) судағы жүрдек аттракцион – шағын өлшемді кеменің көңіл көтеретін жүзу құралдарын сүйреу арқылы ойын-сауық түрі («банандар», «шайбалар», «су шаналары» және басқалар);
3) шағын өлшемді кемені басқару куәлігі – шағын өлшемді кемені басқару құқығына біліктіліктің болуын растайтын құжат;
4) шағын өлшемді кеменің кеме жүргізушісі – шағын өлшемді кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге заңды негізде басқаруына қарамастан, шағын өлшемді кемені басқаратын және тиісті куәлігі бар адам. Кеме жүргізушіге кеме жүргізуге оқытатын адам теңестіріледі.
3. Шағын өлшемді кемелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер осы кемелерді пайдалану және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалануға жауапты адамдарды бөледі.
4. Қағиданың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) жүзеге асырады.
5. Шағын өлшемді кемелермен саяхатқа, ұжыммен демалуға шыққанда және бұқаралық іс-шаралар кезінде иелері судағы қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп және қоршаған ортаны қорғауға жауапты адамдарды тағайындайды.
6. Су объектілерінде судағы жүрдек аттракциондарды жүргізу кезінде аттракцион иесі сүйрейтін шағын өлшемді кемеге тіркеп сүйрелетін ойын-сауық жүзу құралына қызмет көрсету және байқау жөнінде жауапты адамды тағайындайды.
7. Осы Қағиданы бұзған адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
2. Шағын өлшемді кемелерді пайдалану
8. Жолаушылар сыйымдылығы, жүк көтерімділігі, шекті қуаты және қозғалтқыш саны, желкендердің рұқсат етілетін алаңы, жүзу ауданы, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, суүсті бортқа отыру, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал оттарымен, навигациялық және басқа да жабдықтармен жарақталуы бойынша белгіленген шарттарды, нормаларды және техникалық талаптарды сақтай отырып, шағын өлшемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелгеннен, борт тіркеу нөмірлерінің белгіленуінен және техникалық куәландырылуынан (тексеріп қарау) кейін оларды пайдалануға рұқсат етіледі.
9. Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды, жіктеуді және техникалық куәландыруды (тексеріп қарауды) Комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік тіркеуден өткен шағын өлшемді кемелерді басқару шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәліктері бар кеме жүргізушілеріне рұқсат етіледі.
11. Кеме қатынасы (навигациялық) жағдайы жоқ су объектілерінде тарау кезінде шағын өлшемді кемелерді маневрлеу оң жақты (сол жақ борттарымен) қозғалысты ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
12. Елді мекендердің, порттардың, айлақтардың, шағын өлшемді кемелердің тұрағына арналған базалардың (құрылыстардың) акваторияларында және шекараларында шағын өлшемді моторлы кемелердің қозғалысы сағатына 20 км аспайтын, ал жаға мен суға түсу орындарының маңайында сағатына 10 км дейін жылдамдықта рұқсат етіледі.
13. Шағын өлшемді кемелермен жүзу кезінде:
1) мынадай:
белгіленген тәртіппен тіркелмеген;
техникалық куәландырудан (қарап тексеруден) өтпеген;
борт нөмірлері жоқ;
тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған;
тиеу, жолаушылар сыйымдылығы, аудан және жүзу шарттары бойынша нормалары бұзылған;
шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлігі жоқ;
мас күйінде шағын өлшемді кемені басқаруға;
2) басқаруға құқығы жоқ немесе мас күйіндегі адамға кемені басқаруға беруге;
3) қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыруға;
4) гидротехникалық ғимараттарға, техникалық құралдарға, кеме қатынасы және навигациялық жағдай белгілеріне ақау келтіруге;
5) жүзу үшін уақытша немесе тұрақты жабылған аудандарға арнайы рұқсатсыз кіруге немесе тыйым салынған орындарда әдейі тоқтауға;
6) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мотордың немесе желкеннің астынан өтуге және су объектілеріндегі тұрғындардың жаға, басқа суға түсу орындары мен жаппай демалу акваторияларында маневрлеуге;
7) жағажайлар мен суға түсуге ұйымдастырылған басқа да орындарда суға түсу шекарасының қоршауына 50 метрге дейінгі қашықтықта жақындауға;
8) кемемен кәмелеттік жасқа толмағандарды, үлкендердің сүйемелденуінсіз он төрт жасқа толмаған тұлғаларды тасымалдауға;
9) шағын өлшемді кемелерде оған арналмаған қауіпті жүктерді тасымалдауға;
10) арқандап байлауға, тоқтауға, жүзбелі навигациялық белгілерде, жүк және жолаушылар айлақтарында, пирстерде, дебаркадерлерде, докаларда (жүзу докаларында) және көпірлердің астында зәкірге тұруға;
11) теңіз және өзен флотының көліктік және техникалық кемелеріне тікелей жақын маневрлеуге, өз іс-қимылдарымен кеме қатынасына кедергі жасауға;
12) кеме билетінде тиісті жазбасы болмаған кезде ескек қайықтарға моторлар орнатуға;
13) осы мақсаттарға икемделмеген жерлерде ескек қайықтар мен кемелерге желкен орнатуға;
14) қозғалыс кезінде адамдардың бір кемеден екінші кемеге ауысуын жүзеге асыруға;
15) тиісті өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамай, отын құюды жүзеге асыруға;
16) тәуліктің қараңғы кезеңінде навигациялық сигнал оттарымен жабдықталмаған ескекті, желкенді және моторлы қайықтармен жүзуге шығуға;
17) шектелген көріну кезінде (1 км кем) кемемен жүзуге шығуға;
18) авариялық жөндеу қоршаулары, өткел және жұмыс істейтін жер снарядтары, сондай-ақ шлюздерге жақындау кезінде көпірлердің бойлары мен жақындау арналары орындарында кемелердің айырылуы мен басып озуын жүзеге асыруға;
19) ештеңе көрінбейтіндіктен тұспалдау мүмкіндігі болмайтын тұманда немесе қолайсыз метео жағдайларда шағын өлшемді кемелерді басқаруға;
20) су акваториясын мұздан толық тазартқан сәтке дейін шағын өлшемді кемелердің жүзуіне;
21) шомылуға арналған жерлер акваториясында үрмелі серуендеу жүзу құралдарын, сонымен бірге ұшу құралдарын (парашют), сондай-ақ аталған құралдарды тіркеуге алуға арналмаған кемелермен тіркеп сүйреуге жол берілмейді.
14. Мынадай ақаулықтар болған кезде шағын өлшемді кемелерді пайдалануға рұқсат етілмейді:
1) орналасқан орнына қарамастан кеменің корпусының толассыз тесігі болса;
2) кеменің гермобөлімдері және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе ашылып кетуі;
3) көзделген рульдік құрылғыны бекіту бөлшектері конструкциясының болмауы немесе оның құрамдық бөлшектерінің бұзылуы немесе оның жұмысының сенімділігін қамтамасыз етпеу;
4) отынның, дірілдің кемуінің орын алуы, тұншықтырғыштың болмауы немесе ақаулығы, қозғалтқыштың қашықтықтағы басқару жүйесінің бұзылуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуын (қосылмауын) қамтамасыз етпеу, қосылған реверс кезінде қозғалтқышты (мотор) қосуды блоктаудың ақаулығы;
5) кеме билетінде көрсетілген жинақталу нормаларының және кеме жабдықтарының сәйкес келмеуі;
6) белгіленген талаптардың ерекшелік оттарының болмауы, ақаулығы немесе сәйкес келмеуі.
15. Шағын өлшемді кемелер және тіркеп сүйретілетін жүзу құралдары шағын өлшемді кемедегі немесе сүйретілетін жүзу құралындағы кеме жүргізушілері мен басқа адамдар үшін тиісті мөлшердегі жеке құтқару құралдарымен жарақтандырылады.
16. Жеке құтқару құралдарын (құтқару кеудешелері, белдіктер, кеудешелер) шағын өлшемді кемедегі немесе тіркеп сүйрелетін жүзу құралындағы кеме жүргізушісі немесе басқа адамдар киіп, түймелеп алуға тиіс.
Шағын өлшемді кеме зәкірде тұрған кезінде үрлемелі және ескекті шағын өлшемді кемелерді қоспағанда, шағын өлшемді кемеде жеке құтқару кеудешелерінсіз болуға рұқсат етіледі.
17.Шағын өлшемді кемелердің кеме жүргізушілері (бұдан әрі – кеме жүргізушілері) Комитеттің аумақтық органының лауазымды адамына тексеру үшін мынадай құжаттарды береді:
1) шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
2) жүзуге жарамдылығына кемені жыл сайынғы техникалық куәландырудан өткені туралы белгісімен шағын өлшемді кеменің кеме билеті;
3) шағын өлшемді кемеде меншік иесі болмаған кезде шағын өлшемді кемені басқару құқығына белгіленген тәртіппен куәландырылған сенімхат;
4) заңды тұлғаға тиісті шағын өлшемді кемеге маршруттық жол парағы (жоспар-тапсырма).
18. Комитеттің аумақтық органының лауазымды адамы кеме жүргізушісін тоқтатқан кезде кеме жүргізушіге қызметтік куәлігін көрсетеді.
19. Кеме жүргізушісі мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді:
1) осы Қағиданың, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарымен жүзу қағидасының, 1972 жылғы Теңізде кемелердің соғылысуының алдын алу жөніндегі халықаралық қағидалардың және кемелердің авариясыз жүзуін, судағы адамдардың қауіпсіздігін және қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ететін өзге де қағидалардың талаптарын орындайды;
2) жүзуге шығар алдында белгіленген нормаларға сәйкес кеменің және оның механизмінің жарамдылығын, қажет жабдықтармен, құтқару құралдарымен және басқа қамтамасыз ету заттарымен жарақталуын тексереді;
3) отырғызу алдында жолаушылардың кемедегі тәртібі бойынша нұсқау жүргізеді, отырғызу, шығару кезінде және олардың кемеде болу кезеңіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) кеменің белгіленген класына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) жүзуді жүзеге асырады, жүзу аудандарындағы жүзу шарттарын, навигациялық және гидрометеожағдайларын біледі;
5) Комитеттің аумақтық органының лауазымды адамы немесе оған құқығы бар лауазымды адамы берген тоқтау туралы белгіленген сигнал болған кезде кеменің қозғалысын тоқтатады және тіркеу құжаттары мен кеме жүргізуші құжаттарын тексеру үшін береді;
6) суда апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетеді, Комитеттің аумақтық органына кемелердің су объектілеріндегі көлік оқиғасы жағдайларын және адамдармен болған жазатайым оқиғаларды хабарлайды;
7) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, зардап шеккендерді жол үстіндегі немесе өз кемесімен жақындағы медициналық ұйымға жібереді және Комитеттің аумақтық органына көлік оқиғасына қатысы орын алған немесе осы көлік оқиғасына қандай да бір қатысы бар жағдайда өзінің тегін, мекенжайын, көрген адамдардың тегін, олардың мекенжайлары, шағын өлшемді кеменің борт нөмірін (жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып) хабарлайды;
8) Комитеттің аумақтық органдарының лауазымды адамдарының талаптарын, басқа бақылау және қадағалау органдарының жүзу қауіпсіздігіне, су объектілеріндегі құқықтық тәртіпті сақтау, адамдардың өмірін және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша талаптарды орындайды;
9) Комитеттің аумақтық органдарына, табиғат қорғау және балық қорғау органдарына қоршаған ортаның ластануы, тазартылмаған ағынды сулардың шығарындыларын, балықтар мен басқа биоресурстардың жаппай қырылу жағдайлары туралы хабарлайды.
20. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Қағиданың 19-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда шағын өлшемді кемені пайдалану ақысыз жүргізіледі.
21. Сүйретін шағын өлшемді кеменің кеме жүргізушісі қоршаған ортаны қадағалауды тұрақты түрде жүргізеді. Сүйретілетін ойын-сауық жүзу құралын үзіліссіз қадағалауды сүйреу кемесіндегі жауапты адам қамтамасыз етеді.
Сүйретін шағын өлшемді кеме және сүйрелетін жүзу құралы кез келген жағдайда басқа кемелерден, жағадан және суға түсіп жатқан адамдардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасады.
22. Кеме жүргізушісі авариясыз жүзуді қамтамасыз ететін кеме жүргізу практикасына немесе ерекше жағдайларға қатысты барлық шараларды қабылдайды.
3. Базаларды (құрылыстарды) шағын өлшемді кемелердің
тұрағы үшін пайдалану
23. База-тұрақтың аумағы мыналармен жабдықталады:
1) қолайлы кiрме жолдар;
2) жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн арнайы жабдықталған айлақтар;
3) шағын өлшемді кемелерден сарқынды суларды, өңделген мұнай өнiмдерiн, құрғақ қоқыс, тағам қалдықтарын қабылдауға арналған контейнерлер мен арнайы сыйымдылықтар;
4) аумақтарды және су акваториясын, пирстердi, бокстарды, арқандап байлау құрылғыларын, құтқару және өртке қарсы құралдарды жарықтандыру үшiн жарық беру құрылғылары. Жарық беру құрылғылары бағытты әрекетке арналған қалпақтармен жарақталады. Қараңғы түскеннен бастап айлақтардың өзектi артқы жағында айнала жарық беретiн ақ оттар әрбiр 50 метр сайын жағылады, бiрақ айлақ төсемiнен екi метр биiктiкте орналасқан кемiнде екi от болады.
24. Пирстер мен айлақтар арнайы құралдармен жабдықталады. Құтқару шеңберлерi айлақтардың өзектi артқы жағында орнатылған арнайы қалқандарда, сондай-ақ пирстердiң периметрi бойынша қоршау тiреулерде, 25 метр сайын тұтас бекiтiледi. Құтқару шеңберлерiнiң бекiтілуi олардың тез алынуын қамтамасыз етуi тиiс.
25. Айлақтарда, пирстерде тұтас төсенiм болады, база-тұрақ иесi жыл сайын тексеру актiсiн жасай отырып, оның берiктiгiн тексередi. Көпiрлер, траптар, түскіштер тексеруге жатады. Тексеруден кейiн барлық құрылғылар «сыналған» деген сөзбен таңбаланады.
Айлақтардың, пирстердiң, басқыштардың, көпiрлердiң екi адам өту үшін жеткiлiктi енi болуы тиiс, олар сыртқы периметрi бойынша (су жағынан) сақтандыру қоршаулармен жабдықталады. Сақтандыру қоршауы кемiнде 900 миллиметр биiктiкте бекiтiледi, қоршау тiреулер араларының қашықтығы -1500 миллиметр.
26. Жанар-жағармай материалдарын, отынды орналастыру, оларды сақтау тәртiбi, сондай-ақ моторларды сақтауға арналған контейнерлердi орналастыру шағын өлшемді кемелердiң, жағалау мен жүзбелi құрылыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
27. Өртке қарсы құралдар жарамды жай-күйде және өрт инспекциясының талаптарында көзделген көлемде ұсталады.
28. Су акваториясының шекарасы дамбалармен, понтондармен, бактермен немесе жүзбелi белгiлермен қоршалады. Жобада белгiленген шекаралардағы жағалау аумағы дуалдармен қоршалады.
29. Бақылау бекетінде шағын өлшемді кемелердiң шығуы мен олардың қайта келуiн есепке алу журналы жүргiзiледi.
30. Жалға беру базасының су акваториясы жүзбелi белгiлермен белгiленедi, өздiгiнен жүрмейтiн жалға беру жүзбелi құралдарының оның сыртына шығуларына тыйым салынады.
31. База-тұраққа көрнектi түрiнде мыналар орналастырылған стенд ресiмделедi:
1) шағын өлшемді кемелердiң база-тұрақтың су айдыны бойынша және iргелес ауданда жүру схемасы;
2) белгiленген мерзiмде база-тұраққа қайтып келмеген шағын өлшемді кемелердi iздеу мен көмек көрсету жөнiндегi iс-шаралар;
3) база-тұрақтағы жұмыстың iшкi тәртiбi;
4) шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидалары;
5) ағымдағы тәулiктерге ауа райы туралы мәлiметтер;
6) адамдармен суда болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары жөнiндегі плакаттар.
32. База-тұрақтарды пайдалану осы Қағидамен регламенттеледi, онымен барлық кеме жүргiзушiлер мен қызмет көрсететiн персонал қол қойғызып, танысуы тиiс.
33. База-тұрақ шағын өлшемді кемелердiң қауiпсiз тұруын, шағын өлшемді кемелердiң, моторлардың және басқа мүлiктердiң сақталуын, профилактикалық, жөндеу, кеме көтеру, тиеу-түсiру және басқа жұмыстардың алу қауiпсiздiгiн; адамдарды шағын өлшемді кемелерге отырғызу (түсiру) қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
34. База-тұрақта ауа райы бұзылған жағдайда су қоймасындағы шағын өлшемді кемелердi қайтару үшiн iс-шаралар әзiрленедi.
35. База-тұрақтың акваториясында тұрған арқандап байлау бөшкелерiнде қарама-қарсы түстi сырмен арқандап байлауға шағын өлшемді кемелердiң рұқсат етiлген саны көрсетiледi.
36. База-тұрақта тұратын әрбiр шағын өлшемді кеменiң, оның борт нөмiрi майлы сырмен iргеге немесе пирске жазылған тұрақты орны болады.
37. База-тұрақта шағын өлшемді кемелердің жүзуге шығуға және қайтуына, олардың жарамдылығын, жолаушылар сыйымдылығы және жүккөтергіш көтерген нормаларын сақтау бойынша, сондай-ақ кеме жүргізушілерін ауа райы туралы хабарлауға кеме жүргізушілерінде міндетті кеме және кеме жүргізушінің құжаттары болуын көздейтін режим орнатылады.
38. Шағын өлшемді кеме жүзуге шығар алдында және оның база-тұраққа қайтуы кезінде кемелердің шығу есебі журналында мынадай кезекті жазба жүргізіледі:
1) кеменің борт нөмірі;
2) кеме жүргізушінің тегі мен қысқарту жазбалары;
3) кеменің шығу уақыты;
4) жүзу бағыты;
5) белгілеу пункті;
6) база-тұрақтан қайтудың нақты уақыты.
39. Су қоймасына шығуға база-тұрақ бойынша кезекшi рұқсат бередi.
Шағын өлшемді кемеге рұқсат бере отырып, кезекшi мыналарды:
1) кеме жүргiзушiде кеме құжаттарының (кеме билетi) және шағын өлшемді кеменi басқару құқығына куәлiгiнiң болуын;
2) жолаушы сыйымдылығы және жүккөтергiштiгi нормаларының сақталуын, шағын өлшемді кемеде жүктердiң дұрыс орналастырылуын;
3) шағын өлшемді кеменiң жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарының болуын тексередi.
База-тұрақтарда навигация кезеңiнде кезекшi-құтқару кемесi тағайындалады. Кезекшi-құтқару кемесi кезекшiлiк тәртiбiнде база-тұрақ бойынша кезекшiге бағынады.
40. Шағын өлшемді кемелерді база-тұрақтан шығару мынадай жағдайларда:
1) кеме жүргізушіде шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлігінің, жыл сайын техникалық куәландырудан өткені туралы белгі қойылған кеме билеті болмаса;
2) борт нөмірінің болмауы немесе кеме билетіндегі жазбаға сәйкес келмесе;
3) кеме жүргізушісінде кемені жүргізу құқығына құжат болмаса;
4) кемеде, оны пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар болса;
5) кеме билетінде көрсетілген құтқару, өртке қарсы және су төгетін құралдары кемеде болмаса;
6) жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтергіш нормалары бұзылса;
7) қауіпті крен немесе дифферент тудыратын жолаушыларды (жүктерді) орналастырылса;
8) егер кеме осы жүктерді тасымалдауға жатпаса немесе олардың тасымалдануы жолаушылармен бірге жүргізілсе, кемеде қауіпті заттардың болса;
9) егер су қоймасындағы болжанатын немесе нақты қолайсыз метеожағдай осы түрдегі кемеде жүзуге қауіпті болса;
10) кеме жүргізушісі мас күйінде болса жүргізілмейді.
41. Жалға беру пункттерiнде азаматтарға шағын өлшемді кемелер беру журналында шағын өлшемді кеменi пайдалану қауiпсiздiгi шараларымен танысу туралы баған болады, оған шағын өлшемді кеме алатын азаматтар жалға беру пунктiнiң акваториясындағы қағидалармен танысқаннан кейiн қол қояды.
42. Жарамсыз немесе авариялық жағдайда база-тұраққа келген шағын өлшемді кемелер тексеріліп қаралады, кейіннен олардың техникалық жай-күйі туралы қысқа жазба кемелердің шығу журналында жазылады. Авариялық кемелер туралы ақпарат Комитеттің аумақтық органына хабарланады.