• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1602

354 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1602

Сенбі, 16 ақпан 2013 6:30

2012 жылғы 14 желтоқсан  Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республи­касының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидалары бекітілсін.

 

Сенбі, 16 ақпан 2013 6:30

2012 жылғы 14 желтоқсан  Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республи­касының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С.Ахметов.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №1602 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жай­ларын құру және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жыл­ғы 16 сәуірдегі (бұдан әрі – Заң) және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.

2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын (бұдан әрі – АрМО) жедел басқару құқығындағы меншік құқығы мемлекетке тиесілі тұрғын жайларға қолданылады.

3. АрМО-ның қызметтік тұрғын жайы АрМО тұрғын жай қорынан берілетін және АрМО-ның қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің олардың қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде тұруына арналған, ерекше құқықтық режімдегі тұрғын жай болып табылады.

4. Әскери қызметшілерді тұрғын жаймен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздагы № 1091 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2. АрМО-ның қызметтік тұрғын жайларын құру

5. АрМО-ның қызметтік тұрғын жайларын кұру АрМО-ның жедел басқару құқығыңдағы тұрғын жайлар есебінен жүзеге асырылады.

6. АрМО-ның қызметтік тұрғын жайлары жатақханалардағы бөлмелерден, пәтерлерден, жеке тұрғын үйлерден және әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де жабық объектілерде орналасқан тұрғын жайларынан тұрады.

7. Қызметтік тұрғын жайларын есепке алуды АрМО-ның тиісті уәкілетті бөлімшелері жүргізеді. Тұрғын жайға мұқтаж АрМО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін есепке алуды қызметтік тұрғын жайларды есепке алу жөніндегі функциялар жүктелген құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.

 

3. Қызметтік тұрғын жайларды беру тәртібі

АрМО қызметкерлері мен жұмыскерлері өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша қызметтік тұрғын жай алады.

АрМО қызметтік тұрғын жайлары қызметкерлер мен жұмыскерлерге Заңмен белгіленген нормаларға сәйкес беріледі.

Қызметтік тұрғын жайлар осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттармен бірге баянат (өтініш) берілген күні бойынша кезектілік тәртібімен есепте тұрған тұрғын жайға мұқтаж АрМО қызметкерлері мен жұмыскерлеріне беріледі.

Есепке қою үшін қызметкерлер және жұмыскерлер АрМО тұрғын үй комиссиясына:

1) АрМО мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына есепке қою туралы баянат (өтініш);

2) АрМО кадр бөлімшесінен отбасы құрамы, жеке деректері және олардың отбасы мүшелері, нақты тұрғылықты мекенжайы туралы мәліметтері бар анықтама және қызмет (жұмыс) өтілі туралы анықтама;

3) мекенжай бюросының анықтамасы;

4) аумақтық әділет органының анықтамасын (өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің сол өңірде оларға меншік кұқығында тиесілі тұрғын жайының болмауы туралы);

5) жергілікті атқарушы органның анықтамасын (өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің коммуналдық тұрғын үй қорынан сол өңірде тұрақты пайдаланатын тұрғын жайының болмауы туралы) ұсынады.

Қажет болған жағдайда өтініш беруші денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінен қосымша:

қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен сырқаттанатын отбасы мүшелерінің болуы туралы анықтама;

отбасында жиырма екі аптадан артық жүктілігі бар әйелдің болуы туралы анықтама ұсынады.

Баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап бір ай ішінде тұрғын үй комиссиясы ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді.

Ұсынылған құжаттар сәйкес болмаған жағдайда өтініш берушіге пысықтау үшін қайтарылады. Қызметкер немесе жұмыскер он жұмыс күні ішінде тұрғын үй комиссиясына қайта өтініш береді, бұл ретте баянаттың (өтініштің) бірінші тіркелген күні оны берген күн деп есептеледі.

Заңның 72-бабында көзделген жағдайларда қызметтік тұрғын жай беру үшін есепке қоюдан бас тартылады.

Тұрғын үй комиссиясы қызметтік тұрғын жай беру туралы шешім қабылдаған жағдайда күнтізбелік он бес күн ішінде өтініш беруші және АрМО-ның уәкілетті тұлғасы арасында жалдау шарты жасалады.

Қызметкер тұрғын жайды жалдау шартын үш данада жасайды, тұрғын жайды жалдау шартының бір данасы АрМО-ның уәкілетті бөлімшесінде сақталады, екіншісі мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органға беріледі және қатаң есептік құжат ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғын жайға орналасуға негіз болатын құжат болып табылады.

Заңның 101-1-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй төлемдерін алатын (тағайындалған) АрМО-ның қызметкерлеріне қызметтік тұрғын жай берілмейді.