Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ассоциациясының қалалық слетін ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға Департамент басшысының орынбасары К.Қабылбеков, қалалық білім басқармасы өкілдері, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері, жас өнерпаздар - жалпы саны 1200 адам қатысты.Шара барысында «Адал ұрпақ» ассоциациясына қабылдау салтанатты жиыны өтіп, клуб мүшелігіне 750 оқушы қабылданды.«Достық» музейінде «Мәңгілік елдің - адал ұрпақтары» атты ассоциация белсенділерінің кезекті отырысы ұйымдастырылды. Фойеде Оқушылар сарайы үйірмешілерінің «Еліммен бірге жарқын болашаққа» балалар шығармашылығы сурет көрмесі қойылды.«Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мен қалалық ассоциация мүшелерінің атқарған жұмысы бойынша есебі тыңдалып, «Адалдық бізге аманат» сахналандырылған қойылымы көрсетілді.Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің жұмысы бойынша П.Р.Абдразақова баяндама жасап, студенттердің «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» флеш-композициясы тамашаланды. Слетқа қатысушылар атынан барша республика жұртшылығына және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелеріне Үндеу жарияланды. Шара соңында «Адал ұрпақ» әні орындалды.Айта кетейік, «Адал Ұрпақ» мектеп клубы Шымкент қаласының барлық мектептерінде ашылып, бүгінгі таңда 75 мыңнан астам мүшесі бар.