• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2013

«Альянс Банкі» АҚ банкілік қарыз шартының Басты (тұрпатты) шарттары «Альянс Кредит Бонус» өнімі бойынша

372 рет
көрсетілді

«Альянс Банкі» АҚ банкілік қарыз шартының Басты (тұрпатты) шарттары «Альянс Кредит Бонус» өнімі бойынша

Сәрсенбі, 20 ақпан 2013 7:02

Осы «Альянс Банкі» АҚ банкілік қарыз шар­тының Басты (үлгілі) шарттары, бұдан былай Шарттары деп аталатын, Қазақстан Рес­публикасының Азаматтық кодексінің 388-бабында көзделген тәртіпте банкілік қарыз шарттарын жасасу мақсатында әзірленген.Осы Шарттарға сәйкес Қарыз алушыға қызмет көрсетуге, Банкіден Қарыз алушы қарыз алуға байланысты, Қарыз алушы мен Банк арасындағы қатынастар реттеледі.

ШАРТТЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ1.1. Банкілік қарыздың мақсаты Қарыз алушы Шарттармен келіскен кезде Банкі мен Қарыз алушы арасында жасасылған банкілік қарыз Шартымен белгіленген (бұдан әрі – Банкілік қарыз шарты).1.2. Қарыздың мөлшері, валютасы, Қарыз мерзімі банкілік қарыз Шартымен белгіленген.

Сәрсенбі, 20 ақпан 2013 7:02

Осы «Альянс Банкі» АҚ банкілік қарыз шар­тының Басты (үлгілі) шарттары, бұдан былай Шарттары деп аталатын, Қазақстан Рес­публикасының Азаматтық кодексінің 388-бабында көзделген тәртіпте банкілік қарыз шарттарын жасасу мақсатында әзірленген.Осы Шарттарға сәйкес Қарыз алушыға қызмет көрсетуге, Банкіден Қарыз алушы қарыз алуға байланысты, Қарыз алушы мен Банк арасындағы қатынастар реттеледі.

ШАРТТЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ1.1. Банкілік қарыздың мақсаты Қарыз алушы Шарттармен келіскен кезде Банкі мен Қарыз алушы арасында жасасылған банкілік қарыз Шартымен белгіленген (бұдан әрі – Банкілік қарыз шарты).1.2. Қарыздың мөлшері, валютасы, Қарыз мерзімі банкілік қарыз Шартымен белгіленген.

1.3. Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесінің түрі, сыйақы мөлшерлемесінің көлемі, сонымен қатар сенімді жылдық тиім­ді салыстырмалы есептеулердегі сыйақы мөл­шерлемесінің көлемі және Банкімен алынатын комиссиялардың тізімі Банкілік қарыз Шартымен белгіленген.1.4. Қарызды өтеу, соның ішінде Сыйақы және тұрақсыздықтарды төлеу Қарыз валютасында жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған кез келген тәсіл­дер­мен (қолма-қол ақшамен, сонымен қатар қолма-қол ақшасыз тәртіпте) жүзеге асырылады.1.5. Қарызды өтеу тәсілі, Сыйақыны есептеу тәртібі банкілік қарыз Шартымен белгіленген.1.6. Банкілік қарыз Шартының шарттары және Шарттары бойынша Қарыз алушымен төленетін сомалар, Банкімен Банкілік қарыз Шарты бойынша берешектерді өтеуге мынадай кезектілікте жіберіледі:- тұрақсыздық сомаларын өтеу;- Қарыз алушыға Қарызды ұсынуға байланысты шыққан Банкінің шығындарын өтеу;- Қарыз алушы төлемеген Сыйақы өтеу;- Қарыз алушы төлемеген негізгі қарызды өтеу.1.7. Қарызды және/немесе негізгі қарызды пайдаланғаны үшін Сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісті орындамаған жағдайда, Қарыз алушы Қарыз бойынша уақытында төленбеген Сыйақы және/немесе негізгі қарыз сомасынан 0,5% (нөл бүтін оннан бес) мөлшеріндегі, бірақ мерзімі өткен әр күн үшін банкілік қарыз Шартының әрекет еткен әр жылы үшін Қарыз сомасынан 10%  (он) аспайтын өсімпұлды Банкіге төлейді.1.8. Банк пайдасына барлық төлемдерді, Қарыз алушы Банкінің өзіне тиесілі ақша сомасын одан салықтар, алымдар, баж салықтары, комиссиялар және басқадай ұстаулар мен төлемдерді алмай толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс.1.9. Егер  Қарызды өтеу мерзімі және/немесе есептелген Сыйақыны төлеу жұмыс күні болмайтын күнге келетін болса, онда Қарыз алушының берешекті өтеуге ақша аудару келесі жұмыс күні жүргізіледі. Сыйақы Банкінің шотына нақты ақша аударылған күнге дейін есептелінеді.1.10. Қарызды және Сыйақыны өтеу кезектілігі: ай сайын/тоқсан сайын/немесе Тараптардың келісім бойынша басқадай тәсілмен, Банкілік қарыз Шартының №1-Қосымшасымен бел­гіленген.1.11. Қарызды өтеу және Қарыз бойынша Сыйқыны төлеуді Қарыз алушы банкілік қарыз Шартында көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей барлық банкілік шоттардан жүргізеді.1.12. Банк жауап бермейтін міндеттемелер бойынша қамтамасыз ету мәнін жоғалтқан немесе оның шарттары нашарлаған жағдайларда, сондай-ақ Қарызды мақсатты пайдалану бойынша міндеттемелерді Қарыз алушы 40 (қырық) күнтізбелік күннен аса орындамағанда, Банк Қа­рыз алушыдан Қарызды мерзімінен бұрын қайтаруын және Сыйақы төлеуін талап етуге құқылы.1.13. Қарызды өтеу бойынша төлемдер мер­зімін өткізіп алған, сондай-ақ Сыйақы бойынша төлемдер мерзімін өткізіп алған үшін Банк тұрақсыздық есептеуді (айыппұл, өсімпұл) тоқтатуға және жаңғыртуға құқылы.1.14. Қарыз алушы банкілік қарыз Шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті орындамаған жағдайда, Банк өз міндеттемелерін орындаудың қажеттілігі жә­не оларды орындамаудың салдары туралы хабарламаны Қарыз алушыға жібереді. Егер Қарыз алушы Банктің талаптарын хабарламада көрсетілген мерзімде қанағаттандырмаса, Банк Қарыз алушының Қарызды өтеу және/немесе осы Шарттар және/немесе банкілік қарыз Шарты бойынша төлемге жататын кез келген басқадай сомаларды төлеуде өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті орындамаған кезде, Қарыз алушының Банкіде ашылған банкілік шоттарынан тікелей дебеттеу жолымен, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған тәсілімен ақшаларды сөзсіз және акцепсіз тәртіпте алып алуға, және/немесе Қазақстан Респбликасының аумағында және оның аумағынан тыс банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банкілерге және/немесе ұйымдарға оларды орындау үшін Қарыз алушының акцептін талап етпейтін Қарыз алушының шоттарынан ақшаларды алу туралы төлемдік және/немесе басқадай құжаттарды ұсынуға  құқылы.1.15. Қарыз алушы осы Шарттар және/не­месе банкілік қарыз Шарты бойынша өз мін­деттемелерін орындамаған және/немесе тиісті орындамаған кезде, Банк мынаған құқылы:1) сот шығындарын: мемлекеттік баж салы­ғын және сотта өндіріп алуға байланыс­ты шығындарды және Қарыз алушының есебінен шыққан Банкінің басқадай шығындарын жат­қыза отырып, соның ішінде, Қазақстан Рес­публикасының қолданыстағы  заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қарыз бойынша берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгінуге.2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасына, осы Шарттарға және/немесе банкілік қарыз Шартына сәйкес Қарыз алушының Қарыз бойынша берешегін қайтару мақсатында басқадай заңды әрекеттерді қолдануға.

2. ТАРАПТАРДЫҢ  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ2.1. Қарыз алушы өз міндеттемелерін осы Шартта қарастырылған тәртіпте және көлемде орындамағаны және/немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершілік атқарады.Бұнда осы Шарт шеңберінде осы Шартта аталған негіздерден басқа, Қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісті орындамаған сияқты болып мыналар бағаланады:а) Қарыз алушының орындалмаған және/немесе орындалмаған және кейінге шегерілген міндеттемелері болғанда (соның ішінде, Қарызды/Сыйақыны және өзге сомаларды өтеу жөнінде жеңілдікті кезеңдер белгіленгендер және/немесе осы Шарт бойынша алда болатын Қарыз алушы орындауға жататындар бойынша да);b) Қарыз бойынша берешегіне қайта құ­рылымдау жүргізуді енгізе отырып, бірақ, бан­кілік қарыз Шарты бойынша Қарыздың мерзімін ұзарту арқылы негізгі қарыз және/немесе Сыйақы жөніндегі төлемдер мерзімін ауыстырумен/мерзімін шегеру/кемітумен шектелмей ақ;2.2. Қарыз алушы ол үшін жауапкершілік осы Шарттың және банкілік қарыз Шартының басқадай тармақтарымен қарастырылған, осы Шарт және банкілік қарыз Шарты бойынша кез келген өзінің міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті орындамаған жағдайда, Қарыз алушы Банкіге осындай әр бұзушылық жағдайы бойынша Қарыз сомасынан 0,5 % (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.2.3. Банкінің жауапкершілігі Қазақстан Рес­­­публикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ3.1. Банк мыналарға құқылы:3.1.1. оның құқықтары мен мүдделерін қор­ғау үшін, соның ішінде банкілік қарыз Шарты бойынша берешекті Қарыз алушының қайтаруы үшін қажетті және жеткілікті Қазақстан Республикасының заңнамасымен және банк тәжірибесімен тыйым салынбаған шаралардың кез келгенін қолдануға;3.1.2. біржақты тәртіпте банкілік қарыз Шарттың шарттарын Қарыз алушы үшін оларды жақсарту жағына қарай өзгертуге;3.1.3. Қарыз алушыдан Қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін жүзеге асырылған Қа­рызды мерзімінен бұрын толық өтеу үшін Қа­рызды өтеу сомасынан 10% (он) пайыз мөл­шеріндегі айыппұлды өндіріп алуға;3.1.4. банкілік қарыз Шарты бойынша міндеттемелерін орындауда мерзімін өткізу басталған кезде, банкілік қарыз Шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттілігі туралы және Қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы тиісті СМС, не болмаса хабарлама-хат жолдау арқылы Қарыз алушыны хабардар етуге;3.1.5. Банкінің жарнамалық акциялары, өнім­дері мен қызметтері жөніндегі кез келген ақпараттары бар хабарламалардың барлық түр­лерін (мыналарды енгізе отырып, бірақ, шек­телмей-ақ: sms-хабарламалар, e-mail, қағаз жүзіндегі хат) Қарыз алушының барлық көрсеткен байланыс деректеріне (мыналарды енгізе отырып, бірақ, шектелмей-ақ: мобильді нөміріне, e-mail, пошталық үй мекенжайына) жіберуге.3.1.6. банкілік қарыз Шарты бойынша мін­деттемелерді Қарыз алушының орындамау дерегі туралы Қарыз алушының жұмыс берушісін хабардар етуге;3.1.7. осы Шартпен және/немесе банкілік қа­рыз Шартымен және/немесе Қазақстан Рес­публикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды іске асыруға.3.2. Банк мыналарға міндеттенеді:3.2.1. осы Шартпен және банкілік қарыз Шар­тымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілген, жағдайларды қос­пағанда, осы Шарттың шарттарын орындауда жасалатын операциялар бойынша құпияны сақтауға;3.2.2. Қарыз алушының өтініші бойынша үш жұмыс күннен артық емес мерзімде, қайтарымсыз, айына бір реттен жиі емес, Шарт бойынша берешекті өтеу шотына кезекті түсетін ақшаның бөлінуі (негізгі қарызға, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздықтарға, айыппұлдарға және басқа да төлеуге жататын сомаға) туралы ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;3.2.3. Шарт бойынша ұсынылған ақшаны Бан­кіге бөлшектеп немесе толық мерзімінен бұрын қайтару туралы Қарыз алушының өтініші бойынша – қайтарымсыз, 3 (үш) жұмыс күннен артық емес мерзімде, мерзімі өткен төлемдерді көрсету арқылы, негізгі қарызға, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздықтарға, айыппұлдарға және басқа да төлеуге жататын сомаға бөлінген, қайтарылуы тиіс соманың мөлшерін хабарлауға;3.2.4. Қарыз алушыны банкілік қарыз Шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттілігі туралы және Қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы Шарттарда ескерілген тәсілмен хабардар етуге;3.2.5. осы банкілік қарыз Шарты бойынша талап ету құқығын үшінші тұлғаларға берген кезде, бұл туралы Қарыз алушыны, берілген талап ету құқығының толық көлемін, негізгі қарызға, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздықтарға, айыппұлдарға және басқа да төлеуге жататын сомаға бөлінген, ағымдағы және мерзімі өткен берешек қалдығын, сондай-ақ Қарызды өтеу бойынша әрі қарайғы төлемдердің – банкіге немесе талап ету құқығы берілген тұлғаға тағайындалуын көрсету арқылы 3 (үш) жұмыс күн ішінде хабардар етуге;3.2.6. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен бел­гіленген мерзімде, Қарызға байланысты сұрақ­тарына жазбаша жауап дайындауға және қарауға;3.2.7. Шартты жасасқан күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде, Қарыз ұсынылған күннен бастап Банк есептеген Сыйақыны төлеу арқылы Қарыздың қайтарылуын қабылдауға, бұнда Қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық немесе айыппұл ықпалшараларының басқадай түрлері мұндай жағдайда алынбайды;3.2.8. осы Шартпен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған және/немесе оларды орындауға байланысты басқа да міндеттерді орындауға.3.3.  Банк мыналарға құқылы емес:3.3.1. Банкілік қарыз Шартын жасасу кү­нінде белгіленген, тарифтерді, комиссиялық сый­ақыларды және Қарызға қызмет көрсету жөніндегі басқа да шығындарды есептеу тәртібін және көлемін ұлғайту жағына қарай біржақты тәртіпте өзгертуге;3.3.2. Шарт және банкілік қарыз Шарты шеңберіндегі комиссиялардың жаңа түрлерін біржақты тәртіпте енгізуге;3.3.3. Қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі қарызды бөлшектеп мерзімінен бұрын өтеген немесе толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайларды қоспағанда, Қарызды мер­зімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық немесе айыппұл ықпалшараларының басқа да түрлерін өндіріп алуға;3.3.4. егер негізгі қарызды немесе Сыйқыны өтеу күні демалыс не болмаса мереке күніне келіп түссе және Сыйақыны немесе негізгі қарызды төлеу одан кейінгі келесі жұмыс күні жүргізілсе,  тұрақсыздық немесе айыппұл ықпалшараларының басқа да түрлерін өндіріп алуға.3.4. Қарыз алушы мыналарға құқылы:3.4.1. осы Шарттың және банкілік қарыз Шартының шарттарына сәйкес, Қарызды пайдаланғаны үшін Сыйақы төлеу арқылы, Қарыз бойынша берешекті мерзімінен бұрын өтеуге;3.4.2. өтініш бойынша 3 (үш) жұмыс күннен артық емес мерзімде, қайтарымсыз, айына бір реттен жиі емес, банкілік қарыз Шарты бо­йын­ша қарызды өтеу шотына кезекті түсетін ақшаның бөлінуі (Қарыз бойынша негізгі қарызға, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздықтарға, айыппұлдарға және басқа да төлеуге жататын сомаға) туралы ақпаратты жазбаша нысанда алуға;3.4.3. Шарт бойынша ұсынылған ақшаны Банкіге бөлшектеп немесе толық мерзімінен бұрын қайтару туралы өтініш бойынша – қайтарымсыз, 3 (үш) жұмыс күннен артық емес мерзімде, мерзімі өткен төлемдерді көрсету арқылы, негізгі қарызға, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздықтарға, айыппұлдарға және басқа да төлеуге жататын сомаға бөлінген, қайтарылуы тиіс соманың мөлшері туралы мәліметті жазбаша түрде алуға;3.4.4. Қарызға байланысты сұрақтар бойынша даулы жағдайлар пайда болған кезде Банкіге жазбаша өтініш білдіруге және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен белгіленген мерзімде жауап алуға;3.4.5. егер Қарызды өтеу және/немесе Сый­ақыны төлеу күні жұмыс күні болып табылмайтын күнге түскен жағдайда, Қарызды және/немесе Сыйақыны төлеуді, тұрақсыздық пен айыппұл ықпалшараларының басқа да түрлерін төлемей, одан кейінгі келесі жұмыс күні жүргізуге.3.4.6. Шартты жасасқан күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде, Қарыз ұсынылған күннен бастап Банк есептеген Сыйақыны төлеу арқылы Қарызды қайтаруға, бұнда Қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық немесе айыппұл ықпалшараларының басқадай түрлері мұндай жағдайда алынбайды.3.4.7. осы Шартпен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.3.5. Қарыз алушы мыналарға міндеттенеді:3.5.1. Қарызды оның мақсатты тағайындалуына сәйкес пайдалануға;3.5.2. банкілік қарыз Шартында қарастырылған тәртіпте, мерзімде және көлемде, Қарызды толы­ғымен өтеуге, ол бойынша Сыйақыны және осы банкілік қарыз Шартына сәйкес Банкіге тиесілі басқа да сомаларды төлеуге;3.5.3. Банкіге өзінің тұрғылықты жерінің, пошталық және/немесе банкілік деректемелерінің өзгергені туралы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде дереу хабарлауға;3.5.4. банкілік қарыз Шарты бойынша Қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісті орындауына ықпал етуге қабілетті, барлық жағдайлар туралы Банкіні уақытында хабардар етуге;3.5.5. банкілік қарыз Шартын жасасқан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде (осы банкілік қарыз Шартының әрекет ету кезеңінде ашылған банкілік шоттар) Банкіге барлық ашылған (осы банкілік қарыз Шартының әрекет ету кезеңінде ашылған) банкілік шоттарының бар екендігі туралы жазбаша хабарлауға;3.5.6. Осы банкілік қарыз Шартына қол қою­ға және орындалуына байланысты барлық шығындарды көтеруге, оған қоса шоттар бойынша үзінді көшірмелерді, анықтамаларды және айырбастауды, Банк тарифтеріне сәйкес бағамдық айырмашылықты өтеу жөніндегі өзге де құжаттарды төлеуді;3.5.7. Банкінің бірінші талабы бойынша, банкілік қарыз Шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты кез келген құжаттарды ұсынуға;3.5.8. Банк Қарызды, есептелген Сыйақыны және банкілік қарыз Шарты бойынша Банкіге тиесілі басқа да төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуді талап еткен жағдайда, Банкінің талабын, Банкінің  жазбаша талабын алған мезеттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде орындауға;3.5.9. банкілік қарыз Шарты бойынша алдағы төлем сомасын нақтылау үшін төлеу күні Банкіге хабарласуға.3.5.10. Банкіге, Банкінің ресми сайтында орналастырылған, Банкінің тарифтерімен белгіленген мөлшерде алынатын, қаржыландыру шарттарын өзгерткені үшін комиссия төлеуге;3.5.11. Банкіге Қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін жүзеге асырылған Қарызды мерзімінен бұрын толық өтеу үшін Қарызды өтеу сомасынан 10%(он) пайыз мөлшеріндегі айыппұл төлеуге;3.5.12. банкілік қарыз Шартының әрекет ету мерзімі ішінде таза кіріс үлесі мөлшерінің (яғни кірісін, Қарыз алушының отбасына және/немесе бизнесіне шығындарын алып тастау арқылы, бірақ Қарыз бойынша кезекті төлем сомасын есепке ала отырып) Қарыз алушының кіріс көлеміне (жалақы түрінде және/немесе Қарызды өтеудің басқа көздеріне (ақшалай түсім және т.б.)) ара қатынасын Қарызды берген мезетке Банк есептеген мағынадан кем емес мөлшерде, бұнда Қарыз бойынша жарналарды өтеу үшін жеткілікті қылып ұстауға;3.5.12. осы Шартпен Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамасымен қарастырылған және/немесе оларды орындауға байланысты басқа да міндеттемелерді орындауға.3.5.13. осы Шартпен, Банкілік қарыз шартымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған және/немесе оларды орындауға байланысты басқадай міндеттемлерді орындауға.

4. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ4.1. Табиғи апаттардың (су тасқыны, жер сілкінісі, індет) тікелей немесе жанама әсерінен болған еңсерілмейтін күш жағдайлары болғанда, әскери қақтығыстарда, әскери төңкерістерде, террорлық әрекеттерде, азаматтық толқуларда, көтерілістерде, Үкімет, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк тараптарынан ұйғарымдар, бұй­рықтар  немесе банкілік қарыз Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауларына әсерін тигізетін, қандай да бір басқа әкімшілік килігулері немесе қаулылар, әкімшілік немесе үкіметтік шектеулер болғанда, немесе тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс басқа да жағдайларда, егер осы жағдайлар осы банкілік қарыз Шартының немесе еңсерілмейтін күш жағдайлары басталғаннан кейін орындалуға жататын оның сол бөлігінің бүкіл мерзімінде орындалуына едәуір әсерін тигізетін болса, осы міндеттердің орындалу мерзімі осындай жағдайлар әрекет ететін уақыт мөлшеріне қарай жылжытылады.4.2. Осы тараумен қарастырылған банкілік қарыз Шартының орындалуына тосқауылдар Қазақстан Республикасының кез келген мемлекеттік органдарымен берілуі тиіс, рұқсаттардың, лицензиялардың немесе келуге рұқсаттардың, немесе банкілік қарыз Шартын орындау үшін қажетті мақұлдаулардың болмауын қоспайды.4.3. Тараптар осы Шарт бойынша мін­деттемелерді орындауға кедергі келтіретін ең­серілмейтін күш жағдайларының басталғаны және аяқталғаны туралы бірін-бірі тез арада жазбаша хабардар етулері қажет. Еңсерілмейтін күш жағдайларына сүйенетін Тарап оларды растау үшін Қазақстан Республикасының құзіретті мемлекеттік органның құжатын ұсынуға міндетті.5. БАСҚА ШАРТТАР5.1. Қазақстан Республикасының Кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес Кредиттік бюроға ақпараттарды ұсыну туралы келісімі Қарыз алушының жазбаша өтінішімен расталады;5.2. Қарыз бойынша негізгі қарыздың мерзімі өткен берешегі пайда болған күннен бастап, мерзімі өткен негізгі қарыз сомасына Сыйақы банкілік қарыз Шартында қарастырылған көлемде есептеледі (Шарттың 1.3.-тармағына сәйкес).5.3. Қарызды бөлшектеп/толық мерзімінен бұрын өтеу Қарызды алған мезеттен бас­тап 1 жылға дейін мерзімімен бұрын толық өтеу қатысында Шарттарда 3.5.11.-тармақта қарастырылған талаптар есебімен кез келген уа­қытта рұқсат етіледі. Бұнда Қарыз алушы Банкіге бөлшектеп/толық мерзімінен бұрын өтеу кү­ніне дейін есептелгенді қоса отырып, Қарызды пайдаланғаны үшін Сыйақы төлейді.Қарызды бөлшектеп мерзімінен бұрын өтеу кезінде, Қарыздың бастапқы мерзімін қысқарту арқылы/жоспарлы төлемдер сомасын азайту арқылы, өтеу Кестесін қайта қарау және басқа да жағдайларда іске асырылады, бұнда өтеу Кестесін қайта қарау банкілік қарыз Шартының шарттарын өзгерту болып табылады және банкілік қарыз Шартына қосымша келісім жасасу бойынша Қарыз алушыға міндет жүктейді (Қарыздың алғашқы мерзімін қысқартқан жағдайда). Тараптар қол қойған өзгертілген өтеу Кестесі банкілік қарыз Шартына қосылады және жаңа өтеу Кестесіне қол қойған мезетке дейінгі қолданыстағы бұрынғыны алмастырады.5.4. Банкілік қарыз Шартына және/немесе  Шартқа барлық өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу, егер олар жазбаша түрде жасалғанда жарамды болады. Банкілік қарыз Шартын орындаудан біржақты бас тартуға және Банкілік қарыз Шартын біржақты өзгертуге, толықтыруға және/немесе бұзуға рұқсат етілмейді, тек осы Шартпен және/немесе Банкілік қарыз Шартымен ескерілген жағдайларды қоспағанда. Шарттарға барлық өзгерістер және/немесе толықтырулар оларды Банкі сайтында жариялаған мезеттен әрекет етеді,  сонымен қатар Қарыз алушы үшін Шартқа мұндай өзгерістер және/немесе толықтырулар Банкілік қарыз Шартына тиісті қосымша келісімге қол қойған мезеттен бастап күшіне енеді.5.5. Осы банкілік қарыз Шартына өзгерістер және/немесе толықтырулар қосымша келі­сімдермен рәсімделеді, оларға Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды, Банкінің мөрі басылады, олар ажырамас бөлігі болып табылатын, осы Шарт сияқты тәртіпте тіркеліп және күшіне енеді.5.6. Тараптар осымен, Банк Қарыз алушыға міндеттемелерді бұзғаны туралы хабарламаны банкілік қарыз Шартында көрсетілген мекенжай бойынша, берешек сомасы (мерзімі өткен) мен берешекті (мерзімі өткен) өтеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі көрсетілген, тапсырысты хат арқылы (адресаттың оны алғаны туралы хабарламамен) жіберуге құқылы екендігін растайды және келіседі. Егер Қарыз алушы хабарламамен белгіленген, мерзімдер мен көлемдерде талаптарды орындамаған жағдайда немесе хабарламаны алған мерзімнен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жазбаша қарсылық ұсынбаса немесе хабарламаны алудан бас тарту мақсатында кез келген әрекетті қолданса, атап айтқанда, Банкінің пошта ұйымының қызметкерлері, немесе хат-хабар жіберу және жеткізу үшін Банкімен тартылған өзге де ұйымдары растаған хабарламаны алудан бас тарту, Банкіге өзінің орналасқан жерінің нақты мекенжайының өзгергені туралы (мұндай жағдайларда Банкінің хабарламасын Қарыз алушы алды деп есептеледі), Банкінің көрсетілген (хабарламаны  құрастыру күніндегі) сомадағы Банк талаптары Қарыз алушымен құпталған деп саналады және 01.07.1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуальды кодексінің 140-бабының 2-тармағының мақсаты үшін талассыз болып қарап шешіледі.5.7. Банкілік қарыз Шартының әр Тарабы, екінші Тараптан алынған банкілік, қаржылық, коммерциялық және басқа да ақпараттардың қатаң құпиялылығын сақтауға міндеттенеді. Бұндай ақпаратты  үшінші тұлғаларға тапсыру, жариялау немесе жария ету тек қана Тараптың жазбаша келісімімен, сондай-ақ осы Шартпен, банкілік қарыз Шартымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда мүмкін болады.5.8. Қарыз алушы, банкілік қарыз Шартына қол қою арқылы, мыналарға өз келісімін береді:1) Банкілік құпияны құрайтын, ақпараттарды Банкінің ашуына:- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және негіздері бойынша Банк қызметіне тексеру жүргізетін тұлғаларға;- сондай-ақ, банкіден алынған/алынатын ақпараттарды үшінші тұлғаларға жарияламау туралы міндеттемені контрагенттің(-тердің) қабылдауы, мәні болып табылатын, келісімді осындай тұлғамен Банкінің жасасу шарттарында, контрагентке(-терге).2) Банкілік қарыз Шарты бойынша Қарыз алушы міндеттемелерін орындамау фактісі туралы Қарыз алушының жұмыс берушісіне хабардар етуге.3) Қарыз алушы және оның берешек сомасы туралы ақпаратты Банкінің ұсынуын енгізе отыра, бірақ, онымен шектелмей ақ, және Қарыз алушыға қатысты банкілік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді банкілік қарыз Шарты бойынша Қарыз алушы тиісті орындамаған және/немесе орындамаған жағдайда үшінші тұлғаларға ұсынуға.5.9. Банк, берешекті өндіріп алуға байланыс­ты мәселелер бойынша, соның ішінде үшінші тұлғаларға талап ету құқыларын беру кезінде өз құқықтарын жүзеге асыру мақсатында, өз бас­тамасы бойынша үшінші тұлғаларға, олардың өкілдеріне (соның ішінде мемлекеттік органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, берешекті өндіріп алу бойынша  қызмет көрсететін тұлғаларға және т.б.) Қарыз алушы оның берешегінің сомасын (қоса алғанда, бірақ шектелмей-ақ: Қарыз алушыға қатысты заңмен қорғалатын құпия, банкілік және басқа да құрамды мәліметтер, сонымен қатар, осындай мәліметтері бар құжаттар мен құжаттардың көшірмелері) туралы ақпаратты беруге, тапсыруға, жариялауға және кез келген тәсіл арқылы таратуға құқылы, және де Қарыз алушы оған осы тармақпен келісімін береді.5.10. Банкілік қарыз Шарты бойынша Қарыз алушының құқылары және/немесе міндеттемелері үшінші тұлғаға(-ларға) тек қана Банкінің алдын ала жазбаша келісімін алғанда ғана берілуі мүмкін. Осы банкілік қарыз Шарты бойынша Банкінің толық немесе жартылай өз құқылары және/немесе міндеттемелері үшінші тұлғаға(-ларға) беру үшін Қарыз алушының келісімі қажет емес.5.11. Банкілік қарыз Шартына байланысты/пайда болған немесе оған байланысты, сонымен қатар оның жасалуына және/немесе орындалуына және/немесе бұзылуына және/немесе тоқтатылуына және/немесе жарамсыздығына қатысты (осы Шарт бойынша даулар) кез келген дау, талап немесе кінәрат-талаптар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотта қаралуға жатады.5.12. Осы Шарттарда, банкілік қарыз Шартында  қарастырылған шарттармен қатар, оны орындаған кезде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.