• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1672

369 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1672

Сенбі, 23 ақпан 2013 5:21

2012 жылғы 25 желтоқсан ,     Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      С.АХМЕТОВ.

 

Сенбі, 23 ақпан 2013 5:21

2012 жылғы 25 желтоқсан ,     Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоксандағы  № 1672 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық1. Мемлекеттік орган туралы ережені (бұдан әрі – ереже) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандагы № 410 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы туралы үлгілік ереженің талаптарына және осы нұсқаулыққа (бұдан әрі – нұсқаулық) сәйкес дербес әзірлейді.2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның, орталық және жергілікті атқарушы органның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін басқаратын мемлекеттік органның, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органның және атқарушы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органның ережесін әзірлеу кезінде қолданылады.3. Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу, сондай-ақ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:1) мемлекеттік органды құру;2) мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру;3) мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктер мен құзыреттілікті қайта бөлу;4) мемлекеттік органның құзыретін кеңейту (тарылту) туралы Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар үшін) тиісті тапсырмалары негіздер болып табылады.4. Нұсқаулықтың 3-тармағында көзделген негіздер бар болған жағдайда мемлекеттік орган бір ай ішінде мемлекеттік орган туралы ереженің тиісті жобасын немесе мемлекеттік орган туралы ережеге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді әзірлейді.5. Ережеде мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеде көзделмеген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормалар көрсетілуі мүмкін.6. Ережені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті орган бекітеді.7. Ереженің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтарында мемлекеттік органның толық атауы жазылады.8. Мемлекеттік органның ведомстволары болған жағдайда, ереженің 2-тармағында олардың толық атауы жазылады.9. Ереженің 14-тармағында мемлекеттік органның миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.10. Ереженің 19-тармағында мемлекеттік органның бірінші басшысын қызметке тағайындайтын және босататын лауазымды адам көрсетіледі.11. Ереженің 23-тармағы жауапты хатшы немесе мемлекеттік орган аппараты басшысының лауазымы енгізілген мемлекеттік органдар үшін көзделген.12. Ереженің 24, 25 және 26-тармақтарын заңнамада көзделген жағдайларда, оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы жоқ мемлекеттік органдар толтырмайды.