Сенбі, 23 ақпан 2013 5:48
2012 жылғы 7 желтоқсан , Астана қаласы
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, 15-1 бабына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабы 6)-тармақшасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қаулысымен бекітілген «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, бұйырамын:1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған регламенті бекітілсін.
Сенбі, 23 ақпан 2013 5:48
2012 жылғы 7 желтоқсан , Астана қаласы
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, 15-1 бабына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабы 6)-тармақшасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қаулысымен бекітілген «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, бұйырамын:1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Конфессияаралық қатынастар департаменті (Б.К.Күлекеев) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Ә.Т.Жуанышпаева) бірлесе отырып:1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.3. Конфессияаралық қатынастар департаменті (Б.К.Күлекеев) бұйрық күшіне енгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсына орналастырып, Агенттіктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарын және қарасты мекемелерін ақпараттандырсын.4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттік Төрағасының орынбасарына (М.А.Әзілханов) жүктелсін.5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Төрағасы Қ. ЛАМА ШАРИФ.
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының2012 жылғы «__» _______ № ________ бұйрығымен бекітілген
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ереже1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 15 қазандағы №1311 қаулысымен бекiтiлген «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мен оның аумақтық органдары көрсетеді.2. Агенттiктiң жұмыс кестесi: 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнде және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады.3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.4. Мемлекеттік қызметті тұтынушы (бұдан әрі – тұтынушы) қағаз тасығышта сараптамалық қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлға тұтынушы болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар6. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында және аумақтық органдар ғимараттарының ақпараттық стенділерінде орналастырылады.7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері, Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.8. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы (не нотариаттық расталған сенімхат бойынша өкіл) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.10. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегііс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) сипаттамасы11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдау Агенттіктің немесе аумақтық органдар кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) арқылы жүзеге асырылады.Кеңсенің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) және мемлекеттік қызметті алу мерзімі қойылған тұтынушы өтінішінің көшірмесі өтініш пен сараптама объектілерінің өткізілгендігін растау болып табылады.12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушыдан өтініш қабылданған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген кезге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды Агенттіктің немесе аумақтық орган кеңсесінің қызметкеріне тапсырады, ол құжаттардың толымдылығын тексеруді жүзеге асырады, қабылданған құжаттарды тіркейді, кеңсенің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) және мемлекеттік қызметті алу мерзімі қойылған мемлекеттік қызметті тұтынушы өтінішінің көшірмесін береді және Агенттік немесе аумақтық орган басшылықтың (бұдан әрі – басшылық) қарауына береді;2) басшылық тұтынушының құжаттарын қарағаннан кейін оны Агенттіктің немесе оның аумақты органының қызметкер (бұдан әрі – қызметкер) нұсқаумен жібереді;3) қызметкер құжаттарды қарап, дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді;4) қызметкер қарастыру нәтижесі бойынша сараптама қорытындысын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап хатты рәсімдейді және басшылыққа қол қою үшін ұсынады;5) кеңсе қызметкері тұтынушыға (не нотариаттық расталған сенімхат бойынша өкіл) қағаз тасығышта сараптама қорытындысын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты жеке өзі келгенде береді немесе пошта арқылы тұтынушы көрсеткен мекенжайға жолдайды.13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мына құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:1) кеңсе қызметкері;2) басшылық;3) қызметкер.14. Әрбір ҚФБ-ның әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген дәйектілігі мен өзара әрекеттестігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мен ҚФБ-да әкімшіліктік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланыстылығын көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне1-қосымшаӘкімшілік әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі менөзара әрекеттесуінің сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ сипаттамасы№ әрекет(жұмыс бағыты, легі) 1 2 3 4 5ҚФБ атауы Кеңсе қызметкері Басшылық Қызметкер Басшылық Кеңсе қызметкеріӘрекет атауы(процесс, рәсім, операция) және олардың сипаттамасыҚұжаттарды қабылдау, құжаттардың Стандарттың 11-тармағына сәйкестігін тексеру. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай болса, онда тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған тұтынушы өтінішінің көшірмесі беріледі Құжаттармен танысу, қызметкерді анықтау Құжаттарды қарау және оларға дінтану сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз ету Дінтану сараптамасының қорытындысымен танысу, хатқа қол қою Сараптама қорытындысын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты дайындауАяқталу нысаны(деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешімдер) Құжаттарды қабылдап алғандығын растау Қарар жазу Сараптама қорытындысы бойынша хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хатты дайындау Сараптама қорытындысы бойынша, не бас тарту туралы уәжделген жазбаша хатқа қол қою Сараптама қорытындысын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты қолға беру немесе пошта арқылы жолдауОрындалу мерзімі Отыз минуттан кем емес Бір күн ішінде 30 күнтізбелік күн (қосымша материалдарды зерделеу қажет болған жағдайда күнтiзбелiк 30 күнге ұзартылады) Бір күн ішінде Бір күн ішінде
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.1-топҚФБКеңсе қызметкері 2-топҚФББасшылық 3-топҚФБҚызметкер№1 әрекетТұтынушыдан құжаттарды қабылдау, тіркеу,құжаттарды басшылыққа жіберу №2 әрекетОрындау үшін қызметкерді белгілеу, қарар жазу №3 әрекетҚұжаттарды қарау және оларға дінтану сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз ету№ 4 әрекетСараптама қорытындысы бойынша хат дайындау және басшылыққа қол қою үшін жіберу№ 5 әрекетСараптама қорытындысы бойынша хатқа қол қою№ 6 әрекетСараптама қорытындысынқолмен беру немесе поштамен жолдау
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама процесс.1-топҚФБКеңсе қызметкері 2-топҚФББасшылық 3-топҚФБҚызметкер№1 әрекетТұтынушыдан құжаттарды қабылдау, тіркеу,басшылыққа жіберу №2 әрекетОрындау үшін қызметкерді белгілеу, қарар жазу. №3 әрекетҚұжаттарды қарау және оларға дінтану сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз ету№4 әрекетМемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауапты дайындау және оны басшылыққа қол қою үшін жолдау№5 әрекетМемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауапқа қол қою№6 әрекетМемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауапты беру немесе поштамен жолдау
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне2-қосымша
Тұтынушының Дін істері агенттігіне немесе оның аумақтық органдарына өтініш жасаған кездеөзара әрекеттесіп жұмыс істеу схемасы
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8228 болып енгізілді.