• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қазан, 2019

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейді - Біржан Нұрымбетов

716 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейтіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта елімізде заңға сәйкес баланың 1 жасқа дейінгі күтініміне қатысты арнайы жәрдемақы бар. Ол жәрдемақының мөлшері жұмыс істемейтін әйелдерге бірінші баладан 14 500 теңгеден бастап төртінші балаға дейін 22 500 теңге дейін ай сайын төленеді. Сондықтан осы жағдай ескеріліп отыр»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, жұмыс істейтін аналар мемлекеттік сақтандыру қорынан жалақысының 40 пайызы мөлшерінде, орташа есеппен 33 мың теңге көлемінде баласы 1 жасқа толғанға дейін жәрдемақы алып отырады.