• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Руханият 15 Қазан, 2019

Күлкі керуені № 2

3948 рет
көрсетілді

«Қызыл кітапқа» кірген қызыл сөз

Күйеуінің айлығын санамай-ақ әмиянына сала салған әйел азамат. Қала ішіндегі құйрық басар бос орны бар көпшілік мінетін көлік. Тиыныңды қайтарып беретін таксист. Кемшілігін көріп те, теріп те көрсеткен қызметкеріне шын көңілден риза болатын бастық. Шығармаларымның нашарлығынан газет-журналға шыға алмай жүрмін деп ойлайтын жазушы. Енесін шешесінен де артық сыйлайтын келін. Арақсыз өткен құда-жекжаттың арнайы бас қосуы. Бірде-бір ажырасусыз, тату-тәтті тұрып жатқан отбасы бар аудан. Еш нәрсе  алмай, бергеннен безгек тигендей безіп, тек құдай құлы ретінде тегін қызмет қылатын молда. Үштік баға қоймайтын мұғалім. Шешесіне әйелін мақтап әңгіме айтатын еркек. Лотореядан кездейсоқ ұтып алған «Волга» машинасын – бұл әділетсіздік деп өкіметке қайтарып берген азамат.