• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2010

МЕРЕКЕГЕ СЫЙ

690 рет
көрсетілді

Биылғы Наурыз мейра­мының алдында Семейдің Абай атындағы сазды-драма театры тың тарту әзірледі. Яғни, театр жуырда жас көрермен назарына ел газеті “Егеменнің” осы өңір­дегі тілшісі Дәулет Сей­сен­ұлының “Ер Төстік” атты халық ертегісі негізінде жа­зыл­ған пьесасын ұсынды. Пьесаны қойған режиссер – Қажиахмет Рахметов. Онда ойнаған әртіс­тер­дің ойынымен бірге, киім­дері, жалпы сахнаның безен­дірілуі балдырғандарға ұнағаны аңғарылып тұрды. Осы орайда тағы бір айта кететін жайт сол, спектакль екі тілде қатар жүре бастады. Екінші бір жаңалық, спектакльдің ал­дында Наурыз мейрамы туралы викторина ойыны өткізілді. Мұны да театрдың тың бас­та­ма­сы демеске болмайды. Ал оның тәрбиелік маңызы айтпаса да түсінікті. “Бүгінде жүз жылдығы той­ланып жатқан халық батыры Ба­уыржан Момышұлы дүниеден қай­тарының алдында болашақта немерелеріне ертегі айтатын әже­лер, нәрестесін бесік жырымен әлдилейтін келіндер қалмай ма деп қорқамын деген болатын, - дейді пьеса авторы Дәулет Сейсенұлы, - ал тәрбие де, үлгі-өнеге де халық ауыз әдебиетінде емес пе? Соны қайта жаңғыртып кәдеге жарата білуіміз керек. Соған қолайлы мүмкіндік жасаған театр басшы­лығына,, өнер ұжымына алғысым­ды білдіремін”. Жас көрерменнің сол жаң­ғыртылып, жаңартылып қойылған ертегінің сахналық нұсқасын жылы қабылдауы көңіл қуантады. Айбек САПЫШЕВ, Семейдің Абай атындағы сазды- драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі.