• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қазан, 2019

Павлодар облысының аумағында пайдаланылмай жатқан 63 кен орны бар

392 рет
көрсетілді

Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, өткен жылы өңірде жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар мемлекетке 52,5 млрд теңге салық төлеген.        

Салықтық түсімдердің негізгі бөлігі Бозшакөл кен байыту комбинатына тиесілі.

Облыс әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында жер қойнауын пайдалану мәселелері сөз болды.

Бүгінде өңірде 69 кен орнын игеру бойынша 52 кәсіпорынмен келісімшарт жасалған.

Келісімшарттардың нәтижесінде қосымша инвестициялар тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылмақшы.

Егер бұл бағыттағы жұмыстар жақсы жүргізілсе өңірдің инвестициялық ахуалына оң әсер етері сөзсіз.

Жер ресурстарын пайдаланушылардың көбі Екібастұз қаласының ауылдық аумақтарында,Баянауыл, Май аудандарында.

Биыл еліміздің Индустрия және инфра-құрылымдық даму министрлігі «Бірінші келген-бірінші алады» қағидаты бойынша оңтайландырылған тәртіппен облыс аумағында жер қойнауын пайдалануға 16 лицензия берген. Басым бөлігі - қымбат металдар өндіретін орындар.

Жиын барысында облыста игерілмей жатқан 63 кен орны бар екені айтылды.

Екібастұз қаласының ауылдық аумағы,Баянауыл ауданында түрлі кен мен көмір қоры бар 12 кен орны тіркелген.

Облыс әкімі Болат Бақауов игерілмей жатқан кен орындарына қатысты ақпараттарды инвесторларға арналған сайттарға орналастыруды тапсырды.