Жұма, 26 сәуір 2013 0:53
2013 жылғы 23 сәуір Астана қаласы
Қазақ тіліне аудару үшін әлемдік өзекті кітаптарды анықтау жөніндегі конкурстың Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылы 14 желтоқсанындағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 95-тармағын орындау мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған қазақ тіліне аудару үшін әлемдік өзекті кітаптарды анықтау жөніндегі конкурстың Ережесі бекітілсін.
2. Баспа бұқаралық ақпарат құралдары (Ж. Байбосынов) және Электрондық бұқаралық ақпарат құралдары басқармалары (Л. Сүйіндік) ережені бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары А. Нұрмахановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Б. ҚАЛИАНБЕКОВ.
Келісім парағы:
Төрағаның орынбасары А.Нұрмаханов
Баспа бағдарламалары басқармасы
Мемлекеттік сатып алулар және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы
Кадр қызметі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының 2013 жылғы «23» сәуірдегі №71 бұйрығымен бекітілген
Қазақ тіліне аудару үшін әлемдік өзекті кітаптарды анықтау жөніндегі конкурстың
ЕРЕЖЕСІ
Кіріспе
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылы 14 желтоқсанындағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 95-тармағын орындау мақсатында әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже қазақ тіліне аударылатын әлемдік өзекті кітаптарды анықтау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін реттейді.
2. Конкурсқа ұсынылатын туындылар:
- оқырмандардың рухани және интеллектуалдық есеюіне, ой-өрісінің кеңеюіне және шетелдік пен классикалық әдебиеттің үздік дәстүрлерін дамытуға әсерін тигізуі;
- пайдалы әсер тудыратын қызықты сюжеттері болуы керек.
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
3. Конкурстың негізгі мақсаты:
- көркемсөз әдістерімен әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
- шетелдік қазіргі және классикалық әдебиеттерді білуді тереңдету және кеңейту;
- халықтың рухани-білімдік және ой-өріс-мәдени деңгейін көтеру.
4. Конкурстың негізгі міндеттері:
- өскелең ұрпақты жалпы дүниелік құндылықтар рухында тәрбиелеу;
- әлеуметтік маңызды әдебиеттің шығуын қамтамасыз ету және әлеуетті оқырман қауымына жеткізу;
- әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиет жетістіктерін мемлекеттік тілге аудару.
3. Конкурс қатысушыларына арналған шарттар
5. Конкурсқа заңды тұлғалар немесе 18 жасқа толған жеке тұлғалар қатыса алады.
4. Конкурстың жүргізу тәртібі
6. Конкурс үш номинациядан тұрады:
- «Балалар әдебиеті»;
- «Көркем әдебиет»;
- «Ғылыми-танымдық әдебиет».
7. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2013 жылдың 30 мамырына дейін қабылданады.
8. Конкурсқа қатысатын өтінімдерді электрондық мекен-жайға бағыттауға керек: N.Togyzbaev@mki.gov.kz немесе мына мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті, Баспа бағдарламалары басқармасы, 223 кабинет, сағат 09.00 бастап 16.00-ге дейін (сенбі және жексенбі күндерден басқа). Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-90, 74-05-37.
Өтінімнің пішіні
№
Автордың А.Ә.Т.
және шығарманың атауы
Елі
Тілі
Жіберушінің А.Ә.Т.
Мекен-жайы,
телефон, e-mail
9. Көрсетiлген пiшiмге сәйкес келмейтiн өтiнiмдер қабылданбайды.