Кеше Жапония астанасы Токиода бокстан Олимпиада қарсаңындағы халықаралық турнир басталды.
Аталған турнирге Ғалымбек Кенжебаев баптайтын Қазақстан құрамасы да қатысады. Күншығыс елінде Сәкен Бибосынов (52 кг), Санатәлі Төлтаев (63 кг), Айбек Оралбай (91 кг) және Римма Волосенко (60 кг) ел намысын қорғайды. Айта кетелік, Қазақстан сапынан сынға түсетін Сәкен Бибосынов жақында Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.