• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қазан, 2019

Еліміздің нағыз әлем елшісі - Димаш!

672 рет
көрсетілді

Бүгін таңертең БҰҰ–дағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов кеше әлеуметтік желідегі парақшасында қазақтың Димашын америкалықтардың қалай күтіп алғаны, БҰҰ–ғимаратында болған сәттері туралы бөлісті.

«Қазақстан үйіне келгендей болдым ғой», - күліп айтты Димаш Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне келгенде. Сондай –ақ  БҰҰ–дағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің кеңесшісінің ұсынған бейне көріністе  Димаштың Қазақстанның мемлекеттік Туының қасында тұрып «әлемге бейбітшілік тілеймін» деп тұрған сәті таспаға түсіп қалған.     

Димаш Құдайберген қазір  Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттармен және олардың отбасыларымен кездесті.

Мұның алдында  ол  Instagram парақшасында ресейлік композитор Игорь Крутойдың Нью-Йоркте өткен шоуынан видеоүзінді жариялаған болатын.

Айта кетсек, Игорь Крутойдың Бруклиндағы (Нью-Йорк) Barclays Center сахнасында Игорь Крутойдың «65-ке өмірде, бір-ақ рет толамыз» атты кеші өткен болатын. Концерттік залға 19 мың адам сияды.

Шоу Нью-Йорк уақыты бойынша 26 қазанда сағат кешкі 19.00-де басталды. Қазақ әншісімен бірге америкалық сахнада Ресейдің танымал әншілері Филипп Киркоров, Николай Басков, Сергей Лазарев, Ирина Аллегрова, «А-Студио» қатарлы әншілері мен топтары өнер көрсетті. Димаштың жанкүйерлері әншіні әуежайдың өзінде қарсы алып, концертінде ұзақ қошеметпен құрмет көрсетті.

Ол өзінің Instagram парақшасында жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Рахмет, Нью-Йорк 10 желтоқсанда дәл осы жерде менiң концертiмде кездескенше!» - деп жазды әнші.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында 10 желтоқсанда концерт беретінін жазған болатынбыз. Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ. Мәдени шараны Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Әнші Америкада төрт тілде ән шырқайды.