• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қазан, 2019

Қарақияда қысқартуға ұшырағандарға жұмыс қарастырылуда

164 рет
көрсетілді

Жұмыс көлемінің азаюына байланысты қазір «Ерсай» компаниясынан жұмысшылар қысқарып жатыр. Бүгінгі таңда Қарақия ауданының 400 азаматы жұмыстан босады.

Оларды жұмысқа орналастыру масқатында 5 қазан күні Атырау қаласында «Теңізшевройл» ЖШС мердігер компанияларымен кездесу өткізіліп, жұмыссыз азаматтардың тізімі берілді. Қазіргі таңда, 2 мекеме, «Сенімдіқұрылыс» және «ССР» компаниясы жұмысқа азаматтарды қабылдауға ынтасын білдіруде. Осы компаниялармен тиісті жұмыс атқарылуда, деді аудан әкімі Қ.Беков.

Сондай-ақ аудан басшысының айтуынша, өңірде кәсіпкрелердің қатары көбеюде. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 61 адам сертификат алып, 18 адам бизнес ашу бойынша несие алған. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 52 адам кәсіпкерлік негізіне оқытылып, 35 адам жобасын сәтті қорғаса, «Жас прожект» бағдарламасы бойынша ауданда 33 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Сонымен қатар, «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен биылғы жылы «Жарқыра» жобасына (Ақтау, Баутин, Боранқұл кіреді) Құрық ауылы да еніп, күні кеше ауыл тұрғындары үшін түсіндіру кездесуі өтті.

Қарақиядағы тағы бір жаңалық – су тазарту қондырғысы іске қосылмақ.  Жетібай ауылындағы Еділ суын тазарту қондырғысына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жетібай ауылындағы қуаты тәулігіне 3200 м³ су тазартатын қондырғыға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 40,0 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қараша айында аяқталмақ.