Қарақия ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 120 пәтерлік 4 тұрғын үй ауданның тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтарына жататын азаматтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға берілді.
«Аудан бойынша бүгінгі таңда 1100 адам кезекте тұр. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша барлығы 49 жолдама беріліп, оның ішінде 8 отбасы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» арқылы екінші санаттағы тұрғын үй құжаттарын рәсімдеуде. Сонымен бірге аудандық бюджет есебінен 1 санаттағы баспана алуға тұрғын үй сертификаттары үшін 6 млн теңге қаралды, деді аудан әкімі Қ.Беков.