Кеншілер астанасында Қарағанды облыстық соты және «Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ жаңадан салынған ғимаратқа қоныс аударды.
Жаңа ғимарат Қазыбек би атындағы ауданның (Оңтүстік-Шығыс), Байкен Әшімов ықшам ауданындағы 16-құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан.
Сот істері мен материалдарды қарау, сондай-ақ құжаттарды қабылдау жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша жүзеге асырылатын болады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.