• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қараша, 2019

«Барыстан» басым түсті

154 рет
көрсетілді

Елорданың «Астана» баскетбол клубы ел чемпионатының кезекті тур ойынын «Атырау Барыстарына» қарсы өткізіп, ірі есеппен жеңіске жетті.

Ойынның бірінші кезеңінен басымдықты өз қолдарына алған «Астана» баскетболшылары матч соңына дейін үстемдігін қарсыластарына берген жоқ. Елорда командасы бірінші кезеңде 15:19 есебімен басым түссе, екінші және үшінші кезеңде 23:30, 21:30 нәтижесімен жеңіске жетті. Ал соңғы шешуші кезеңде «Атырау Барыстарына» еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп – 8:23. Ал төрт кезеңінің қорытындысы бойынша «Астана» 102:67 ұпаймен кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Алты турдан кейін турнир кестесінде 13 ұпай жинаған «Атырау Барыстары» көш бастап тұр. Бірақ Атырау командасы қарсыластарына қарағанда екі ойын көп өткізген. Ал алты ойыннан кейін 12 ұпайы бар «Астана» екінші, Қостанайдың «То­былы» 10 ұпаймен үшінші орында келеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар